Сен тұр - мен айтайын!

Әйел адамның басты міндеті - күйеуінің бұйрықтарын орындау

  • © SN.kz

    © SN.kz

"1. Отағасының міндеті:


Әйелімен жақсы мәміледе болу, оның нәпәқасын (өмір сүру үшін қажетті заттық мұқтаждықтар) тауып беру, оған әділетті болу. Өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) хадис-шәрифте былай дейді: «Сіздердің қайырлыларыңыз, әйелдері үшін қайырлы болғандарыңыз».


2. Әйел кісілердің міндеті:


Күйеуінің дінге сәйкес келетін бұйрықтарын орындау, оның намысына кір келтірмеу, әлеуметтік жағдайына қанағат ету, ысырапшылдықтан аулақ болу, күйеуінің мал-мүлкін қорғау, үйдің берекесін келтіріп отыратындай жақсы жұбай болу.


3. Перзенттің әке-шешеге деген міндеті:


Оларға құрмет көрсетіп, айтқанын екі етпеу. Өздерінің өмірге келулеріне себеп болған ата-анаға рахмет айту. Өздерін кішкентайынан мейірімін аямай бағып-қаққан болса, оларды да солай бағып-қағу, тіпті оларға қарсы «уф» деп айтпау.

Сонымен қатар әке-шешенің тек көзі тірісінде ғана емес, олар дүниеден қайтқан соң да, және олардың туыстары мен достарына да құрмет көрсету. Өйткені мұндай құрмет ата-анаға деген құрмет есебінде жүреді.


4. Ата-ананың балаларына деген міндеті:


Ата-ананың міндеті балаларын шамасы жеткенше асырап бағу, жақсы тәрбие беру, оқытып бір маман иесі қылу. Әкесі де, анасы да балаларына көңіл бөлгенде бірдей көңіл бөлу керек. Балаларының арасын бөліп жармай бәріне бірдей сүйіспеншілікте болу.

Балаларының теріс жолға түспеулері үшін оларға жақсы тәлім-тәрбие беру, алдымен оған өздері үлгі болу. Тоғыз жасына жеткен балаларының төсек орындарын айырып, он үшке толғандарында намаз оқыту. Егер тыңдамаса жәйлап қана ұрып алуы керек. Ал ер жетіп, тізгін тартып ат мінген балаларын мүмкіншілік болса үйлендіргені абзал. Жақсы бала - Алланың берген үлкен нығметі.


5. Бауырлардың бір-біріне деген міндеті:


Бір-бірін жақсы көріп, құрмет көрсету. Әрқашан бір-біріне мейірімді болып, көмектесу. Әсіресе араларындағы үлкендеріне әке-шешенің орнындай көріп оларға үлкен құрметпен қарау.

Кейде бауырлар арасында дүние, мал-мүлік үшін бір-бірімен жауласып, қырқысып жататындары да кездесіп жатады. Бұндай бейқасиет бауырларда береке-бірлік болмайды. Қорыта айтқанда отбасының да қоғамның да бақытты ғұмыр кешуі бір-бірімізге деген сүйіспеншіліктен туындайды.Әрдайым ара-жігіміз ажырамасын. Бақыт тілейміз!#болмановтаротбасы"


Қарақат Әбілдина

Инстаграмдағы парақшасынан


 


 




Көрілген: 1350    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 12:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31