Әйелі "жалкі"...
Ауылдағы шопыр досымның досының досы звондайды.
- Мұнайлы елде тұрып, бензин таппай жүргеніміз қалай?
- Біздегі мұнай өңдеу зауыттары бұрынғы Совет Политбюросының мүшелері сияқты.
- Түсінбедім...
- Политбюроның Совет үкіметімен бірге құрығанына қанша уақыт болды?
- Жиырма бірдеңе жыл болды.
- Осы уақытта бірнеше мұнай өңдеу зауытын салуға болады ғой. Не кедергі?
- Ауа райы қолайсыз болған шығар? Әншілер кінәлі шығар? Зауыт құрылысына қаржы жетпеген болар?
- Қысқы Азиадаға қанша ақша кетті?
- Бір миллиард пәленше жүз миллион доллар...
- А-а-а... (досымның досының досы Азиадаға кеткен шығынды естіп, қазан басындағы әйелін боқтаған дауысы телефоннан естілуде)
- Неге айғайлайсың? Бұл туралы естімеп пе едің?
- Сол ақшаға зауыт салуға болмас па еді?
- Азиада ойыны еліміздің имиджін көтеруге керек болды.
- Ресейдің зейнеткер спортшылары арқасында алған медальдарыңа рахмет. Мұнайдың үстінде отырып, бензинге қайыр тілеп жүргеніміз қандай имидж сонда?
Досымның досының досы телефонның ар жағынан айғайлап, балағаттап бірдеңе айтып жатыр. Үндемедім. Оған алдағы Универсиадаға миллиард доллардан астам қаржы төгілетінін айтсам, көнбіс әйелін одан бетер сабап тастайтын түрі бар. Байғұстың шамасы тек әйеліне жетеді. ЭКСПО-ны да айтпағаным дұрыс болды. Оның не екенін түсінбейді, сөйтіп жүре берсін.
Егер оның шығынын естісе... Қысқасы, әйелі "жалкі"... ОМОН сабаса бір сәрі, өзі түсінбейтін нәрсе үшін түк түсінбейтін күйеуінен босқа таяқ жегені "обидні" ғой....
Шопыр досымның досының досында жоғары білім жоқ. Содан болар, ол Үкіметіміздің салихалы саясатын түсінбейді, елдің имиджіне жаны ауырмайды. Жыным келеді, досымның досының досына...
Серік Абас-Шах
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы