Сен тұр - мен айтайын!

Әйелі мен күйеуінің миына 10 минутқа саяхаттап қайтайық

  • Әйелі мен күйеуінің миына 10 минутқа саяхаттап қайтайық

    Әйелі мен күйеуінің миына 10 минутқа саяхаттап қайтайық

Ерлі-зайыптылар жұмыстан қайтқан кезде екеуі екі түрлі ойланып келеді екен. Ер адам шаршап келе жатқандықтан, миы жай істеп тұрады да, 10 минутта бірнеше нәрсені ғана ойлай алады. Әйел адам да шаршап келе жатады. Бірақ, оның миы белсенді жұмыс жасайды. Сенбесеңіздер, әйелі мен күйеуінің миына 10 минутқа саяхаттап қайтайық.


Ер адам:

  • Әйелім дәмді тағам әзірлеп қойса екен. Қарнымның ашқаны-ай...
  • Дүкеннен не аламын?
  • Жақсылап ұйқыны қандыру керек болды. Қатты шаршадым...


Әйел адам:

  • Бала жылап қалмады ма екен?
  • Балабақшадан кім алды екен?
  • Бүгін балабақшадан тамақ жеді ме екен?
  • Жаурап қалмады ма екен?
  • Күйеуім жұмыстан келіп қойған да шығар...
  • Қарны аш шығар, не тамақ істеп берсем екен?
  • Әлде тамақ жеп келді ме екен? Бірақ қайдан жейді?!
  • Мұздатқыштағы етті шығарып қоя сал демеппін ғой. Ол енді қай уақытта ериді?
  • Ертең бүгіннен де ерте тұрып, шығуым керек!
  • Кіре беріс шашылып жатқан шығар...Жинау керек.
  • Қоқысты төгуді де ұмытыппын...
  • Ертең биік аяқ киім кимеймін, аяғым бүгін әбден ауырды.
  • Мына күртешемді бүгін жуа салайын. Жоқ, ертең жұма ғой. Ертең жуайын. Жоқ, сенбі жусам да дүйсенбіге дейін кебеді ғой.
  • Үйде нан бар ма екен?
  • Телефоным да өшіп қалды-ау...
  • Үйді бүгін бір тазалап алайын.
  •  Тамақтарын беріп болған соң, суға түсіп алайын.
  • Тамақ қалса, жұмысқа салып әкетіп жүрейін. Әйтпесе күн сайын түскі асқа кем дегенде 500 теңге кетеді екен.
  • Осы аялдамадан түсіп қалып, ана дүкенге кіріп шығайын.

Аталған ойларға келісесіз бе? Әлде сіздің де бұған алып-қосарыңыз бар ма?!..

Marzhan Sadykova
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1007    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31