Сен тұр - мен айтайын!

Әйел мен мүгедек ұрпағынан кеңес дәуірінде болған жеңілдігін сыпырып алғаны қалай?..

  • Әйел мен мүгедек ұрпағынан кеңес дәуірінде болған жеңілдігін сыпырып алғаны қалай?..

    Әйел мен мүгедек ұрпағынан кеңес дәуірінде болған жеңілдігін сыпырып алғаны қалай?..

Ішім удай ашып, іштей жылап отырмын... Жұмыс бабымен қызметтес әйел кіріп қалды. 32 жастағы орнынан туғалы тұрмайтын мүгедек қызы бар. Әдеттегіше қызын сұрадым. Өзі де соңғы кезде жиі ауыратын болған. Жағдай айту кезегі өзіме келгенде сол баяғы, зейнетімнің созылғанын жырғамаймын ба? Сөйтсем, "Ой, апай, мен де 63-ке дейін жұмыс істеймін. Қызымнан бұрын кетіп қалмын ба, жоқ па, бір құдай біледі" дегеніне, "Қой, құрсын, қайдағыны айтпа?! Мүгедек баласы бар Ана зейнетке ерте шықпай ма?" дей қояйын... Масқара?.. Кеңес дәуірінде жүзеге асқан мүгедек балаға қараған анасы 50-де зейнетке шығатын заңды біздің үкімет алып тастаған екен ғой?! Білмеген екенмін.  "Өзбекстан мен Ресейде сол күйі 50-де шығатын боп сақталып қалды. Орнынан тұрмайтын қызымды әр екі сағат сайын аудастырып жатқызбасаң еті жара болады. Түскі үзілісте шауып барып, аудастырып кету үшін кредитке машина алғаным содан. Өзім ауырған кезде орнымнан тұра алмай қалып жүрмін. Қызым үшін тіземе деклофенакты салып жіберіп, еңбектеп жетемін" деп, тізесінің үстін тапа ине шаншығандай қолын сілтеп қалғанда, дәріден алған қуатпен қызына қарай еңбектеп бара жатқан Ана көзалдыма кеп, тұлабойым түршікті. Үнім өшті. Адамның басына салмасын. Тікелей беттеспеген мәселені түбегейлі біле бермейсің ғой. Мүгедек балаға қарастырылған қамқорлық жайлы түк те білмейді екенмін. Еркекпен теңестіріп, зейнет жасымды 63-ке ұзартты деп байбалам сап жүрген менікі еркелік екен. Алдымнан зоры шықты... Неге?.. Біздің мемлекетте неге Әйел мен мүгедек бала қорғансыз қалған?!. Беретін памперсі аптадан артылмайды. Мүгедектігіне алатын жәрдемақысы, ересекке арналған памперсінің қымбат бағасынан артылмайды екен. Ішіп-жемі, дәрісі өз мойнында. Мемлекеттік деңгейдегі мәселе!.. Құдай-ау, халықтың 40 млрд.зейнетфондын әзербайжан еліне жәрдемге бергенше, өз мүгедегі мен мүгедек баққандарын неге жарылқамаған?.. Алла-ай, "Тәуелсіздік алдық" деп тұмағымызды аспанға атып жүргенде, егемендігіміз ең алдымен: Әйел мен мүгедек ұрпағынан - қылышынан қаны тамған кеңес дәуірінде болған қамқорлығы мен жеңілдігін сыпырып алғаны қалай?.. Жылағаннан басқа қолымнан келері жоқ...

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1415    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 10:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31