Әйелдер-ай, өмірді қиындатып жібересіңдер-ау,

08 тамыз 2022, 12:34

ӨМІР...
Емхана. Қан тапсыру кезегінде тұрмыз. Кенет шу шықты.
- Женщина, за вами кто? - деді қазақ келіншек менің қасымда тұрған әйелге келіп. Ол ананың бетіне аңтарылып қарады.
- Вы что, оглохли? За вами кто?
- Мен орысша түсінбеймін. Қазақша айтыңызшы.
- Вы что, прикалываетесь да? Кто за вами?
- Аға, мына кісі не деп тұр, түсіндіріңізші, - деді ана әйел жайбарақат. Таң атпай екі хотунның "қақпақылына" түсіп нем бар, үндемей тұра бердім.
- Сіздің артыңызда кім бар? - деді бір кезде анау шыңғырып.
- Неменеге айқайлайсыз? Бір әйел тұрған. Қазір жоқ, келіп қалатын шығар. Тағы да жайбарақат айтты.
- Да, вы, вы...
...Ай, әйелдер-ай, өмірді қиындатып жібересіңдер-ау, аяқ астынан))).

facebook.com парақшасынан