Сен тұр - мен айтайын!

Әйелдің әуреті екі түрге бөлінеді...

  • Әйелдің әуреті екі түрге бөлінеді...

    Әйелдің әуреті екі түрге бөлінеді...

Хиджап туралы нүкте.

 

Аурат &mdash арабша термин, көпшілік түрінде Әурет деп аталады. Мағынасы, адамның басқалардан жасыратын құпия орыны .

 

Шариғатта Фиқһ- әурет деп киіммен жабық тұратын дененің бөлігі айтылады. Әйелдің әуреті екі түрге бөлінеді :

 

1) Намаз кезінде.

 

2) Намаздан тыс кезде және намаздан тыс кездер бірнеше түрге бөлінеді.

 

Намаз кезінде әйелдің жүзі, қолынан басқа жердің барлығы жабық болуы міндетті.

 

Ханафи мазхабы бойынша әурет жері, дененің кіндіктен тізеге дейінгі бөлігі болып табылады. Әйел адамның туысқандарына денесінің мына бөліктерін : бас, шаш, мойын, көкірек, иық, қолдары (толық) және тізеден төмен аяқтарын көрсетуге рұқсат етілген.Олардың алдында дененің кіндіктен тізеге дейінгі бөлігін көрсетуге тиым салынған.

 

Шариғаттың бұл шешімі Нұр сүресінің аятына негізделген : Иман келтірген әйелдер зейнетті жерлерін туыстарынан басқа адамдарға көрсетпесін. ( 24:31). Намаз кезінде әйел адамның шашы толық жабық болуы керек, ал намаздан тыс кезде әйелдің шашының көрінгені айып емес және дәстүріміздегі бас киім үлгілері бөрік, тақия, тб бас киімдермен реттелген.

 

Сондықтан, сәлафи ағымы өкілдерінің : намаздан тыс ,әйел адамның бір тал шашы көрінсе тозақы болады, &mdash деген көзқарастары дұрыс емес.

 

Қазақ қыздарының бас киімі басқа халықтардыкіндей басты жылы ұстауымен қатар, қыздың отбасылық жағдайына. Күйеуге тиген әйелдер тайпалық топтарға байланысты бас киімнің әр түрлі нұсқасын киетін, бірақ еліміздің барлық жерінде қыздардың бас киімі бірдей болатын.

 

Қалыңдық сәукелені тойға киіп, сонан кейінгі жылдары маңызды мерекелерге киетін болған. Байлардың отбасында сәукеленің темір әшекей тастарын алтыннан жасайтын.

 

Хиджаб , Никап, Паранджа- қазақтың киімі емес, араб пен иранның ұлттық киімі Себебі, ол жақтың хиджап киюі, табиғи ерекшелігіндегі ауа райы қатты ыстық, құм суырылып желмен бетіне ұрудан қорғану үшін, жүзін жауып киген. Қазақ елінің табиғат ерекшелігіне сәйкес өзіне жарасымды дәстүрлі киім үлгілері бар.

 

Мақсат Назаров, теолог &mdash дінтанушы...........

 

Қайрат Нұрлықасымұлы

Фуйсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5349    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 23:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31