Сен тұр - мен айтайын!

Әйелге сүйетініңді айт та, кете бер...

  • Әйелге сүйетініңді айт та, кете бер...

    Әйелге сүйетініңді айт та, кете бер...

Әйелге сүйетініңді айт та, жөніңе кете бер, жұмысыңды істе. Болып жатқан жайтты саралауға мұрсат бер. Саралау да емес, ар жағын өзі құрап алатын келешек туралы ойын шектеме, себебі, жалғыз қалғанда әйелдің қиялы әлемнің күллі қазынасынан да бай-қуатты.
Әйелге сүйетініңді айт, бірақ мен саған лайық емес ақымақпын де, сенің шырын ерніңнен сүймек түгіл, бір тал шашыңа да татымаймын деші... Кетіп қал да, өз шаруаңды жайғай бер. Оған адасқан жанның құтқарушысы болуға кедергі келтірме. Сенің жұпыны өміріңе көктен түсер перінің қызы болуға рұқсат ет...
Әйелге сүйетініңді айт. Егер алдасаң, тек арманыңды бір сәт шын өмірге айналдыру үшін алдадым де... Жалғыз жолаушының армандауға хақысы бар ғой. Сосын өз жұмысыңа кірісе бер. Оған сені кешіруге кедергі келтірме. Ол бір сәтте әрі әулие, әрі ұлы ұстаз болып шыға келеді.
Әйелге сүйетініңді айт та, оған бүкіл әлемді сыйлағым келеді дегін. Алайда қазір өзім де көмекке мұқтажбын де. Сосын өз ісіңе кіріс. Оған туындыгер болуға кедергі жасама. Ол бір шегесіз тұтас әлем мен шексіз ғаламдарды тудырып, жол-жөнекей бала туып, ақша тауып, ұлы жобаларды жүзеге асырып, елмен тіл табысып, тарихи жағдайларға етене араласып кете береді...

Әйелге сүйетініңді айт. Бірақ жүрегің жаралы, өзіңді түсіну үшін оңаша қалуың қажеттігін айтып, кетіп қал. Бұған көп уақыт керек... Сосын өз шаруаңды күйтте. Оған сені күтуге бөгет жасама. Ықтиятты періштеге айналуға жол бер. Ешбір міндетті талап етпеймін де. Сонда ол керек міндетті өзі таңбалайды.
Әйелге сүйетініңді айт. Мұндай жағдай басыңа бірінші рет (бәлкім, сенің ұзақ ғұмырыңда ары кетсе екінші рет) түсіп тұрғанын түсіндір. Сосын өз ісіңе ден қой. Оған ерекше, қайталанбас, сен сүйетін жалғыз жанға айналуға уақыт бер.
Әйелге сүйетініңді айт та, бұған дейін ешкім ешқашан саған мұнша қамқор болмағанын ескерт. Сосын өз ісіңмен айналыса бер. Оған өз құмарлығының отында өртенуге, буын-буынынан әл кетіп, естен тануға мұрша бер.
Әйелге сүйетініңді айт та, оған кедергі болмай кетіп қал. Қалғанын ол өзі істесін. Өйткені, жалғыз қалғанда әйелдің қиялы дүние жүзінің бар қазынасынан да бай.

Аглая Датешидзе

Shynar Ábilda
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1463    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 08:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30