Әйелмен жүрген опасян екен

01 қазан 2022, 13:42

Әйелмен жүрген опасян екен. Бал аламыз деп барып, баспен қадалдық. "Таң азанмен бармаса таусылып кетеді. Ойбай кешіктік" деп азанымен азан-қазан боп барғанын қайтейін. Гүл қарап, өсімдіктер әлемінен бірақ шықтық қой иопта. Бал іздеп барып, балдыр теріп кеттік)) Сықиып сары пальтомен барғанымды қайтейін, грузчик номер один болдым. "Базарға бірге барма. Жәрмеңке көрсең жолама" деп жарты ауыз айтып қойсаңдар болады ғой
Ал енді сенбілік ұйқымның сұрауы әлгі арадан қалған балдың бетінде қалқып тұрғандай.