Сен тұр - мен айтайын!

«ӘЙЕЛІМНІҢ АРҚАСЫНДА...»

  • «ӘЙЕЛІМНІҢ АРҚАСЫНДА...»

    «ӘЙЕЛІМНІҢ АРҚАСЫНДА...»

Осы күні қазақта бір ерсі әдет пайда болды. Ол — әйелін мақтау. ТВ-ны ашып қалсаң, радио тыңдай қалсаң, әп-әжептәуір азаматтар: «Осы күнге әйелімнің арқасында жеттім...» — деееп отырады. Бір жиында жазушы ағамыздың кітабы туралы жылы лебіз айтқан тағы бір қаламгер: «Бұл еңбектің 60 пайызы ағаларыңның бабын жасап отырған жеңгелеріңе тиесілі...» — деп қалды. Тойларға барсаң да еститінің сол әңгіме: «Әйелдің арқасы!». Әке-шешесінің көзін бақырайтып қойып, әйелін мақтайтын болдық. Әлеуметтік желілерде де әйелін сүйетінін «мойындайтындар» көбейді. Рас шығар. Бірақ осы айқайлап айтатын нәрсе ме? Әйелдің әу бастағы миссиясының өзі — үйдің құты, берекесі болу емес пе?!

Осындайда ақтөбелік жоғары оқу орындарының бірінде қызмет істейтін ғалым ағамыздың үйінде болған оқиға еске түседі. Әлқисса, әлгі ағамыз докторлық диссертациясын қорғап, тілеулестері үйге жиналады. Ағыл-тегіл қызыл сөз басталады: «Пәленше Түгеншеұлының бұл еңбегі — ғылымдағы жаңалық. Жаңалық болғанда да бөлек дүние. Ресейде қорғауының өзі — ерлік! Ал енді осы еңбекті біздің досымыз оның бар жағдайын жасап отырған Пәленше Түгеншеқызы болмаса, қорғай алар ма еді? Жоқ, әрине! Ендеше, басты еңбек — Пәленше Түгеншеқызыныкі! Құрмет пен даңқ Пәленше Түгеншеқызына!

Әрине, мақтағанды кім жек көрсін, ерлі-зайыптылардың жүздері бал-бұл жанады. Тек төрде отырған той иесінің анасының ғана қабағы түйіле түседі. Ақыры шыдамапты:

— Әй, Пәленше, сен неғып осы доқтырлығыңды қорғамай жүрсің? — депті баласының достарының біріне кілт бұрылып.

— Ой, апа, соның реті келмей...

— Не болды сонша?

— Ай, апа-ай, білмейсіз ғой, оның қиындықтары көп...

— Түк те қиындығы жоқ! — депті кемпір сұқ саусағымен келінін нұсқап, — мынаны қатын ғып ал да, екі-үш жылда қорғап ал! Бәрің шулап жатырсыңдар ғой: «Осы кісінің арқасы, екі-үш жылда қорғатты!» — деп. Сені де қорғатып шығарар, несі бар...

Осылайша «вешір» аяқ астынан бұзылыпты...

...Әй, еркектер-ай, бәрі өзімізден ғой, өзімізден! Әйтпесе, баласының, бауырының «қатынының арқасында ғана адам боп жүргенін» әйелдер де ұнатпасы хақ!

7 мамырдың алдында еске түсіп кеткен әңгіме ғой...


facebook.com парақшасынан 

 




Көрілген: 2217    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.05.2019, 15:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31