Сен тұр - мен айтайын!

Әйелін қуып шығып, балаларын қаңғытып жіберетін адамды еркек деуге аузың бармайды

  • Әйелін қуып шығып, балаларын қаңғытып жіберетін адамды еркек деуге аузың бармайды

    Әйелін қуып шығып, балаларын қаңғытып жіберетін адамды еркек деуге аузың бармайды

Сәуле деген бір қамкөңіл келіншек хабарласты осы жаңа. Отбасылық өмірде жолы болмаған кісі екен. Күйеуінің қабағына қарап жүргенімен, осыдан 2 жылдай бұрын күйеуі оны екі қызымен үйден қуып шығыпты. 3-4 күн бұрын Қарасай ауданының сотында дүние-мүлікті бөлісу үшін сот болған. Судья Дүйсенбиев әділетсіз шешім шығарып, атына жазылған 3 бірдей үйді күйеуінің атына шығарып беріпті. Екі жылдан бері алимент төлемегені былай тұрсын, сотта күйеуі мен адвокаттары хатшы қызбен көз қысысып ойнап, өз әйелін әбден қорлайды. Сәуле апай қазір қыздарымен картирадан квартираға көшіп жүр. Әділетсіз үкімге күйіп кеткен шарасыз ана осыны айтып отырғанда еңкілдеп тұрып жылап жіберіп, әрең дегенде бастым. Қанша жыл отасқан әйелін үйден қуып шығып, балаларын қаңғытып жіберетін мұндай тасжүрек адамды еркек деуге де аузың бармайды екен. Сәуленің екі қызымен далада қалатынын біліп тұрып, осындай әділетсіз шешім шығарған судья Дүйсенбиевті кім дейміз сонда?!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 778    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 20:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30