Сен тұр - мен айтайын!

Аймағамбетов мырза осындай мәселелерді жан айқайымызбен сізге жеткіземіз...

  • Аймағамбетов мырза осындай мәселелерді жан айқайымызбен сізге жеткіземіз...

    Аймағамбетов мырза осындай мәселелерді жан айқайымызбен сізге жеткіземіз...

Педагогтерге біліктілік санаттарын
беру (растау) қағидалары туралы ой-пікір


Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (беру) тәртібі жалпы қазақша нұсқасы ішіне кірістірілген қисынысыз сындарды есептемей қарағанның өзінде өте күрделі әрі түсініксіз құралған. Мысалы осы қағидаттардың қазақша нұсқасын оқып отырсаңыз қай сөйлем қай жерден басталып, жазып отырған автор қандай ой білдіргісі келіп отырғаны мүлде түсініксіз. Мұғалімдердің білімін сонша сынға алмастан бұрын қолданушы оқырманға түсінікті ой тұжырымдап жеткізе алатындай сөйлем құрастыру жөн болатын шығар. Мысалы: 2-тарау. 18 пунктінде былай делінген: «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары үшін &ndash облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органы, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы басшысының бұйрығымен бекітілетін әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының жоғары білікті педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері.
Жоғарыда көрсетіліп кеткен ондаған мысалдардың бірі.
Келесі қарастрылатын мәселе &ndash ол мұғалімдердің біліктілік санатын алу немесе растауы үшін қойылатын талаптар.
Барлығымыз білеміз заман талабына сай, бәсекеге қабілетті ұстаз дайындау мақсатында әрине білім саласында реформалар уақытылы жүргізіліп отыруына ешқандай қарсылығымыз жоқ, бірақ, жүргізілетін реформалар мен ұстаздарға қойылатын талаптардың жөні осы екен деп бет албаты талаптарды енгізе берудің қажеті жоқ деп санаймыз. Қойылатын талаптардың да өзінің нормалары болу керек. Сіздердің талаптарыңыз бойынша біліктілік санатын көтергісі келген әр мұғалім: жеке басып шығарған оқулығы бар, жеке әдістемелік кешеннің авторы, озінің арнайы жасап қорғап шығарған оқытудағы әдістемесі бар, теледидардан сабақ жүргізетін авторлық бейне сабақтары бар және онымен қоса халықаралық турнир WorldSkills турнирінің жеңімпазын дайындайтын әмбебап кәсіпқой ұстаз болу керек екен. WorldSkills халықаралық турниріне қатыспақ түгілі ауыл мұғалімдері бұл жарыстың не екендінде білмейді. Осы турнирді енгізген адамдарға сұрақ: осы турнирді ұйымдастырушылардың сайтына кіріп және турнир талаптарын оқып көрдіңіздер ме? Меніңше бұл турнир туралы ешқандай түсініктерңіз жоқ қой деймін. Олай болса қысқаша айтып өтейін: Бұл турнир негізінен колледж және университет студенттеріне негізделген халықаралық жарыс. Жарысқа қатысу үшін мектеп деңгейіндегі баланың білімі жеткілісіз. 2019 жылы ШҚО студенттері Қазақстан Республикасы бойынша жеңімпаз атанды. Қайталап негіздеп айтайын: қатысушылар саны шексіз, соның ішінде 9 алтын, 4 күміс, 2 қола, және бұл раста жас ерекшеліктері 18-22 жас аралығы! Сонда Республика бойынша қалған мұғалімдерге шыдаңыздар дегеннен басқа ештеңе келмейді.
Келесі мәселе теледидардан немесе танымал интернет арналарынан авторлық бейне сабақтың болуын талап етесіздер, кешіріңіздер бұл да ақылға сия бермейтін талап. Сөздің шыны керек ауыл метктептері интернетке әлемде болып жатқан төтенше жағдайдың арқасында ғана былтыр ғана қол жеткізіп отыр. Барлығымыз білеміз интернет болғанмен сапасы өте төмен, оқушыларымыз сабақ оқимыз деп тау мен тасты да кезген, оны жаңалықтардан да көріп куә болдық. Осындай жағдайда жүрген ұстаздарымыз қайдан бейне сабақ дайындап интернет арналарына жүктесін. Қайталап айтайын ол пунктті міндетті деп жазыпсыздар. Мұғалімдеріміз теле арналарға бейне сабақ жасап кітап жазатын болса, олар қай уақытта білім береді. Министр мырза мұғалімдерді артық жұмыстан арылтамыз деп қайта жүктеудесіз. Егер мұғалімдер осындай шарулармен айналысатын болса, миллардтап бөлініп жатқан қаржыны меңгеріп жатқан «Білім медиа груп» компаниясы, оқулық жазатын, басып шығаратын мекемелер немен айналыспақшы?!
Тағы бір қарастыратын мәселе: сіздер педагог зерттеуші санатын алу үшін соңғы үш оқу жылындағы білім алушылардың білім сапасы туралы. Білім сапасының серпінін ескере отырып білім сапасының өсу динамикасы - жарты жылдық немесе тоқсан сайын 5%ды көрсету керек екен. Енді қарапайым түрде мысалға келтірейік: пән бойынша білім сапасының көрсеткіші 75% болса ол үш жылдың ішінде сіздердің қойып отырған талаптарыңыз бойынша 5% тоқсан сайын өсіммен біліктілік санатын алу үшін 100%ға қаншама күлкілі болса да жетеді.
Және де бұл талаптармен қоса педагогика және психолия пәндерінен сіздердің талаптарыңыз бойынша жай ғана білімі бар емес, жетік білетін болу керек екен. Ия білеміз, психология мен педагогика саласы керек емес, білім беру саласында міндетті түрде қажет және негізгі салалардың бірі, бірақ осы қағидаларды құрастырушы мамандарымызға бір сұрақ: сіздер қандай маман иесіздер?
Білім саласындағы ұстаздарға талап қойып отырғандықтан сіздер білім саласынан келген ұстаздар шығар деп, сондықтанда осы ұстаздардың күндіз маза, түнде ұйқыдан айырып жан ұшырып дайындалып, тапсырса да портфолиодан өтпей жатқан тестілеу сұрақтарын шешіп көрдіңіздер ме? Тестілеуде кездесетін сұрақтарды айтпай ақ қойғанда. Егерде ұстаз 30 сұрақтың 24 сұрағын дұрыс жауап берсе осы пәндердің жетік маманы деп кім айта алдады? Егерде біздің сарапшы немесе зерттеушіге өткен әр ұстазымыз өз оқулығының авторы және өзінің шығарған оқыту әдңстемесі болса білім саласы не болмақ? 19-20 ғасырдың ұлы педагогтарымыз: Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин аталарымыздың баға жетпес педагогика ғылымына қосқан еңбектері не болмақ? Салыстырмалы түрде ойластырып қараңыздаршы, ия түсінеміз ұлы ғалымдарымыздың еңбектеріндей болмаса авторлық еңбектеріңіз болсын дейсіздер, бұдан біліктілігін арттырғысы келген екі ұстаздарымыздың бірі оқулық шығарса оқулықтар мен оқу әдістемелерінің сапасы не болмақ?
Қазір шыны керек екінің бірі Республикалық жұрналдар мен басылымдарға мақала шығарады, сапасы төмен немесе плагиат олардың барлығы. Қалтаңызда 5000 тенге ақшаңыз болса болды сіз мақала авторысыз. Бұл ащы шындық. Бұл сіздердің жасап жатқан талаптарыңыздың нәтижесі. Естеріңізге салайын спортта бүкіләлемдік олимпиадаға 11 мың спортшы қатысса, онын 300 спортшысы ғана медальге ие болады, ал сіздер осы 11 мың спортшының 11 мыңына медаль ұсынбақшысыздар. Осындай миға сиымсыз талаптармен қанша ұстазды ынталандырмақ ойларыңыз бар? Әрине керемет деп жыл сайын мұғалімдерді ынталандырып жалақыларын көбейтуде, бірақ мұндай талаппен осы жалақыны алуда өте үлкен арманға айналып кетпесе болғаны. Министр мырза осындай мәселелерді жан айқайымызбен сізге жеткіземіз, осы мәселелерді қарап дұрыс түсінікпен шешім қабылдайсыз деп сенеміз.

Meirzhan Temirbek

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3014    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 10:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30