Айналаңдағы адамдар мен заттарға еркіндік бер...

20 қазан 2020, 10:30

Еркіндік

Әлдекімді не бір нәрсені уыста ұстап қалам деп аптықпа. Мұндай қадам қайғыға душар етеді. Айналаңа қарашы. Табиғат &mdash өте көркем. Айналаң толы стихиялар. Отты ұстап қалғың келсе, қолың күйеді. Жел, су, жерді ұстайын десең, саусақ арасынан сусып кетер. Бәрі де азат болу үшін жаралған. Сенің міндетің от қаттырақ жану үшін ошақ жасау, тек қолыңмен ұстама, өртеніп кетерсің. Азаттық қана маңызды. Айналаңдағы адамдар мен заттарға еркіндік бер. Етегіне жармаспа, олар жайлы ойға жабыспа. Сонда ғана шын еркін өмірге қадам басасың, айналаңа да сол еркіндікті сыйлайсың. Адамдар өздігінен саған ұмтылып тұратын болады. Себебі, сен оларға еркіндік бересің.

Дзен

Shynar Ábilda

Фейсбуктегі парақшасынан