Сен тұр - мен айтайын!

Айналайын, аналар, қызды жат жұрттықа тәрбиелеп өсіруді ұмытқан екенбіз!

  • Айналайын, аналар, қызды жат жұрттықа тәрбиелеп өсіруді ұмытқан екенбіз!

    Айналайын, аналар, қызды жат жұрттықа тәрбиелеп өсіруді ұмытқан екенбіз!

 Ананың көңілі балада, баланың көңілі бір шүйкебаста.. бүгін бір үйлену тойы болды.. сырт көзге бәрі тамаша.. екі жастың құрметіне жиылған халық саны 300-400 ге барады. Зыр жүгірген ата ана.. тәтті дәмдісі толы дастархан көз жауын алады..

Менің рөлім екі жасты халық алдына әнмен алып шығу.. . жастар келісімен жай жапсарды түсіндіріп аз маз сценаримен таныстырмақ ниетте амандасып, келіннің есімін сұрап, жүзіне қарадым, қарадым да жүрегім аяғым басына бірақ түсті.. бетінен зәрі шыққан жас келін тістеніп атын әрең айтты.. есімі Ш дан басталады .. бір мезет қыстығып жерге отыра қалып бір жылап алды.. жерден тұр, қарағым, көйлегің кірлейді, осындай тамаша күні жылап жаман ырым бастама деп ем, жас келіннің атарға оғы болмай қарағанынан қорқып кеттім. Иә иә, қорқып кеттім.. мына бала бесік көрген бала ма, әлде есік көрген бе екен деген арам ой да келгенін жасыра алмаймын.. қызығы алда,ән 3 мин.50 секунд жүреді, екеуің қол ұстасып асықпай ән аяқталғанша менімен қатар жүріп елге сәлем беріп беташар алаңына қайтып келеміз, түсіндің бе, қызым деп ем, иә деп тістенген келін ән басталып залға кіргізе бергенім сол еді, күйеуін жетектеген күйі жас келін мыңмен зал басына айдады дерсің.. келіншегіне жәутеңдеген күйеу мұрынын тесіп жетектеген бұзаудай сүмеңдеген күйі жас келіннің ыңғайына жығыла берді. Ыржыңдап күле берді.. ыңғайсызданғаннан болар... мен болсам, әнмен бірге ішімнен бісімілләмді айтып тұрдым, еее, Аллам, осындай кекірейген келіннен сақта деп тілеп тұрдым!!! Айналайын, аналар, қызды жат жұрттықа тәрбиелеп өсіруді ұмытқан екенбіз!! Келін боп түскеннен бастап сол елдің анасы атанып, сол елдің данасына айналып, сол елдің баласын өсіріп тәрбиелеп қартаю керек екенін ұмытқан екенбіз.. мына қызды келін ғып түсірген байғұс ата ана, маңдайының соры бес елі ау.. көк шыбын үймелетер күні алда екенін әлден көрсетіп тұр.. мына қызды тәрбиелеген анасы қызының келін атанып әр көрсеткен теріс мінезіне талай бетімен жер басар күні алда екенін сезді ме екен.. Алла сақтасын!!! Біз ғой келіп кетер қонақпыз. Сырт көз сыншымыз.. тым болмаса әй, жарығым бөтеннің көзіне мінезіңді көрсетпе деп айтар бір жанның табылмағаны қайран қалдырды!! Менікі жай ой ғана ғой...


 facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 3116    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.07.2019, 23:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31