Айналайын әншілер, айтқан деген осы екен деп, қуанышты әнді жоқтауға айналдырмаңыздаршы
О, тоба, жоқ жерден трагедия жасау неме керек ә? Шәмшінің әндерін патырлата жүктегем ғой. "Қайықтасын" тыңдасам - зарзаман?! "Жоқтау сап жатқан қайсы?"- деп қарасам, Жанболат пен Жазира деп жазылыпты. Екеуіне еш қарсылығым жоқ, бірақ... Айналайындар-ау, алдымен әннің айтарына мән берсеңші?! Айдын көл бетінде, қайықта оңашаланған екі жүректің махаббат элегиясын неге жоқтауға айналдырған?! Шәмші мен Нұрсұлтан Әлімқұлов ағаларымыз махаббаттың сұлу сырын шалқытып тұр ғой?! Жыным кеп өшіріп, жоқтауының көзін ағызып тастадым. "Бояушы дегенге сақалын бояйды" ғып, келсін-келмесін әдемі әнді жоқтауға айналдыруға бола ма екен?! Жасымыз келсе де, Қайықтаны естісек - көз алдымызға махаббат торғынына оранған ғашықтар келіп, өзіміз әлі күнге қиялымызбен ескегін есіп кетеміз. Айналайын әншілер, айтқан деген осы екен деп, қуанышты әнді жоқтауға айналдырмаңыздаршы? Жылаңқы салғандарыңыздан шаршадық!
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан