Сен тұр - мен айтайын!

Айналайын ау, қатының ұнамайды ма ажырасып кет!

  • Айналайын ау, қатының ұнамайды ма ажырасып кет!

    Айналайын ау, қатының ұнамайды ма ажырасып кет!

Алматының жұпарын жұтына сіміріп, терезеден ақ бас тауларға сәлем жолдап, ұлыма әңгіме айтып , кең даланың құшағында тербеліп келе жатқанмын. Артқы орындықтағы ақ бас аға бір уыс конфет ұсынып "балаңызға беріңізші" дегенде сүйсініп ақ қалдым. Сәлден соң төбемнен төнген күйі "Таразға ма? " деді. "Ия" дедім. "Мен де Таразда тұрам" деп, әрнені айтып отырды. Әңгіме ауаны әйеліне ойысып, егіз ұлы мен қызғалдақтарының фотосын көрсетті. Жан жылытатын жып жылы жанұялық суреттерге қарап сүйсіндім. Жазық маңдайы жарқыраған, алты перзент тауып берген әсем жарына сүйсініп: "Әйеліңіз нағыз асыл ана" екен дегенім сол "За то табақтай. Жеркенішті" демесі бар ма?! Аңтарылып фотоға үңілдім. Қияқ қас, қыр мұрын, үстіне кигені қонымды қырықтың ар жақ, бер жағындағы келіншектің тоқ балтырынан өзге семіздікті байқамадым. Семіз болса несі бар?! Ұрпағын көбейтіп, алты бала тапқан ана ғой! "Салмағы мен бойы қанша? " дедім бірден. "Бойы 60. Қыз кезінде салмағы да 60 келі еді. Қазір 6 баладан соң, 68 келі. Денесі ниче, әп әдемі. Тек бөксесі мен сандары семіріп кетті, шошқадай болып. Нервым қозады" деп тұр.

Осы сөз еркектің айтатын әңгімесі ме? !

Өз жасын сұрадым. 55те екен. Әйелі 40 та. Қазаны бөлек, шаңырағы басқа айдаладағы маған керім келіншегін мазақ етіп көрсетіп тұрған еркекке таң қалдым. Қыз кезімізде бәріміз тірсегіміз тірсекке соғылып, нәзік қыз болдық. Айналайын ау, бала туған соң , жылдар бәрін өзгертеді емес пе? Толса арнасынан асып тұрған жоқ. Қосылған 8 келі салмақ үшін әйелін "нервым қозады, шошқадай" дегені қай сасқаны! Әрі беріден соң еркек емес пе?! Әйелінің қасында умаждалған шай матадай апсиып тұр. Түріне қарап тұрып еркектігін былай қойып, түкіріп жібергім келгенін жасырмаймын. Әлденені көкіп, балаларының анасын жамандап, аузы аузына жұқпайтын ер сымақтарды жеккөрем. Айналайын ау, қатының ұнамайды ма ажырасып кет! "Еркек " деген атағыңды достойно алып жүрсей! Жамандау, өсек айту үшін қатын деген атты біз арқалап жүрген жоқпыз ба?! Әйелін өсектеп, жамандап, көкіп отыратын көкезу кісәпірлерді тағы да сүндеттеп тастау керек ау ...


 facebook.com парақшасынан




Көрілген: 3053    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 20:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31