Сен тұр - мен айтайын!

Айналайын Димаш, қазаққа таланғанша - қадіріңді білетін шет елде жүре тұршы

  • Айналайын Димаш, қазаққа таланғанша - қадіріңді білетін шет елде жүре тұршы

    Айналайын Димаш, қазаққа таланғанша - қадіріңді білетін шет елде жүре тұршы

Соңғы кездері Димаштың фанаты болғанымды байқап жүрген боларсыздар.) Ютуюта Димаш жайлы айтылған, Димаштың әніне жер-жаһанның түпкір-түпкіріндегі ұлттар мен ұлыстардың есі шыға жасаған рекцияларын тамашалаумен ләззәттанамын. Олардың; "Димаш Кудайберген, Казаһстан?",- деп айтқандарының өзі неге тұрады десеңші? Кәдімгідей, менің мемлекетімді атайды?! Америка, Қытай, Ресей бізді қолбаладай көріп жүргенде, Димашымыз үш алпауыт елдің халқының жауырынын жерге алып ұрды!.. Өзім мықтыны мойындағам, енді Өзімді мықтыға мойындаттым"-ның көкесін көрсетуде! Тіптен сол, ресейіңді менсінбейтін Англияң, "Димаш" десе ішкен асын-жерге қоятын күйге түсті! Әсіресе соңғы жылдары еңсеміз түсіп, үш алпауыттың дегенімен жүріп-тұрып жатқанымызда бір жапырақ баламыз басымызды көтертті! Ресей телеканалдары мен фан-клубтары, ютуб-блогерлері Димаштан басқаны айтпайтын болды! Орталық телеарналардан; "Болмаған оқиға. Димаш Құдайбергеннің концертіне 56 мемлекеттен жанкүйерлері арнайы келді" дегенді тісінің арасынан лажсыз сыздықтата айтқанда, отыз жыл түгілі - 300 жылдан астам уақыт бабаларымның жалтақтаумен кеткен есесін қайырғандай рақаттанамын!!! Ел жаңалықтары мен ру тартысының орнына тек Димаш жайлы ақпаратты көретініме балам; "Әлі көріп жатсыз ба?", - деп таңданады. Өз басым, Димаштың елге келмей, сыртта жүргенін қалаймын! Елге оралса, санасы рулық деңгейден аспаған қазақ, талап тастайды. Біздің қоғам, дамбалдың ышқыры мен жүздік, рулық, діни бөліну деңгейінен көтерілмейінше, ұлттық келбетке ие бола алмаймыз. Парасат деңгейі озық елдер ұлт мәйегін әр-бір азамат өз ұрпағы үшін сақтайтына көзі жетіп қойған. Біздер, Жолдаусыз алға жүре алмаймыз. Рухани жаңғырусыз өткенімізді қадірлей алмайтын роботтар еліне айналдық. Жаһанды ел, жолдау айтпаса да ұлт мүддесі мен дәстүрін ұмытпай жаңғыртып, көзінің қарашығындай сақтап отыр. Жас баланың бір ауыз сөзін тіптен, "тұмсығымен құс ілген ел ағасымыз" деп жүргендер білек сыбана талдап кеткені, сөздеріме дәлел. Даукес қазақ қоғамының деңгейін осыдан-ақ біле беріңіз. Димаштай ерен тұлғамызға ресейдің тәуелсіз ақпарат көздері "Әлем елшісі" деген мәртебе беріп қойды. Әлемді тік тұрғызған Мәскеудегі концертін біздің болмашыны тікелей эфирден бергіш мемлекеттік телеарналарымыз көрсетерге мұрша, бәлкім, ақша таппай қалғаны тек күрсінумен шектелуіңе әкеп тірейді. Айналайын Димаш, қазаққа таланғанша - қадіріңді білетін шет елде жүре тұршы?! Тым құрыса сен арқылы елімнің атауы жаһан алдында тұғырлансын?!!

Құрсын, моншама кетейін?!)


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 4111    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.03.2019, 18:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31