Сен тұр - мен айтайын!

Айналайын жастар, індет жағдайын ескеріп, "жігіттік тəбеттеріңді" сəл тізгіндей тұрыңдаршы!

  • Айналайын жастар, індет жағдайын ескеріп,

    Айналайын жастар, індет жағдайын ескеріп, "жігіттік тəбеттеріңді" сəл тізгіндей тұрыңдаршы!

Тағы да сол баяғы "ҚАЗАҚША ҰЯТ" жайлы.


Ұзақ жылдар қызметтес болған əріптесіме көптен хабарласпағам, бүгін халін біле қояйын деп қоңырау шалсам: "Ойбууй, Гүлмəрия-ау, мен ана дүниеге барып қайттым" деп отыр. Даусы қырылдап əзер сөйлейді. КОВИТ-ке шалдығып қалыпты. Беті бері қараған түрі екен бұл. Бір ай қатты тұншығып, жөтел қысып ауырып, əупірімдеп зорға жаны қалыпты. Қайта көрер жарығы бар екен, жасы тəуекел тобында ғой. Өзі бұрынғы Совмин ауруханасының есебінде тұрушы еді. Солай болғанын қайтейін, нағыз қажетті дəрінің бірін тауып бере алмады ғой деп қынжылып отыр. Дəрі-дəрмек, басқа да ем-домға қажет дүниелердің бəрін шетелге дейін хабар жіберіп жатып, оннан-мұннан таныстардың күшімен тапқызған. Ондай мүмкіншілігі жоқтар қайтпек десеңші!
Мұндай сұмдық ауруды көрмедім, жауыма тілемеймін деп отыр. Əркімге əртүрлі көрініс береді екен. Дем жетпей тұншығып, күндіз-түні күркілдеп жөтеліп, жанымның қысылғанын айтпағанда, денемнің əр жерінен ұшық сияқты көлдіреген жарақаттар шығып, содан қанды ірің аққанда, шіріп өлетін шығармын деп ойладым дейді.

Бар бəле баланы үйлендіруден басталған. Шымкентте қызметте жүрген баласы өзі бұрыннан кездесіп жүрген Жаңақорғанның қызымен "тым жақындасып" қойған ғой. Уақыт күтпейді. Əшкере болмай тұрғанда қызды ата-анасының қолынан алып келу керек. Ұлан-асыр той жасайтын заман емес. Құдалар жағы да мұны түсінеді.
Не керек, 2-3 адам Жаңақорғанға барып қалыңдықты Шымкентке алып келеді. Алматыда түратын жігіттің анасы біреудің мəпелеп өсірген өрімдей қызын келін қып қолыма түсіріп алып, қытайвирусты сылтау етіп шалқайып жатқаным ҰЯТ қой деп, құда жақтан 4 адамды Шымкентке шақырады. Алматыдан 2 адам барады. Бар болғаны 6 адам Шымкенттің бір əдемі ресторанына жиналып (ашық алаңда), құдалардың көңілін аулайды. Бар болғаны - осы. 3-4 күннен кейін 6 адамның алтауы да баудай жапырылып, ұшып түседі. Қазір құдалар жақтан келген екі адамның жағдайы тым ауыр көрінеді.
Қазақты құртатын сол баяғы ҰЯТ! Ұялып жүріп, бəлеге ұрынғанымызды білмей қаламыз.
Содан кейін... Содан кейін... Айналайын жастар, індет жағдайын ескеріп, "жігіттік тəбеттеріңді" сəл тізгіндей тұрыңдаршы! Əйтпесе сендердің мезгілсіз "бүлдіріп" қоятын ақымақ əрекеттеріңе бола талай өмір қиылып кетіп жатыр. Сендер ҰЯЛУ дегенді білмесеңдер де ата-аналарыңнан ҰЯТ қаша қойған жоқ.

 

Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1525    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 10:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30