Астанада туыстарымның үйлерін, өзімнің бұрыңғы үйімді, қазіргі үйімді өзбектермен ремонт жасағанмын. Қазір екі туысымның ремонтын қазақтармен жасай салған едім. Айырмашылық жер мен көктей ма дедім ғой. Ойбааай ай қазекемнің әңгімесі көп екен. Кафель алсаң шығарып бер. Ана жұмыс бізге кірмеген. Бір туысым шақырды. Кешкі 18.00-ден соң таппай қаласың. Айналайын өзбектерім ай деп қалдым ғой. Бұндайды кім көрген. Маған ғана осындайлар жолықты дейін десем басқалар да осыны айтатын. Енді көзбен көрдім ғой.
Жалпы өзбек халқы пысық болады. Салыстырмалы түрде бізден пысық. Бірақ жемқор билігінің арқасында әр жерде тоз тозы шығып қаңғып жүр. Әл ауқаты дұрыс болмаған соң халқы да жүдеп кеткен секілді. Бұрындары бір автобусқа 100-120 өзбекті тығып Ресейге таситын. Жазда ауылдағы іске жарамды еркектердің 70-80%-ы басқа елге кетіп нәпақа табады дейді. Рас өтірігін білмедім. Жалпы елдің дамуы үшін халықтың есек сияқты жұмыс істей беруі жеткіліксіз ба дедім. Дубайдағы арабтарын да бізден пысық деп айтпас едім.
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшсасынан