Айналайындар-ау, баланы өмірге әкелерде артымызға қарайықта

26 қазан 2021, 00:57

Кейде бар ғой біз тым артық кетеміз…

 

Желіні ашсаң акиматты жағалаған халық. Дау шығарып, басына көшіріп жатады. Біз акимат үшін өмір сүреміз ба?! Егер көшеміз, жарығымыз, жолымыз жоқ десе түсінесің. Бірақ кредитім көп, ақша керек, үй керек деуден жалықпайды. Көпбалалымын деп сылтауратады.

 

Айналайындар-ау, баланы өмірге әкелерде жағдайымызға, артымызға бір бұрылып қарайықта. Соны ұғынатын, түсінетін уақыт келді ғой.

 

Үкімет қолыңнан іс келсе, кәсіп аш деп жатыр. Оған қаражат жоқ десең, оны да қайтармая қой деп қолымызға ұстатып жатыр. Оны одан әрі өркендетемін десең сәл ойланып жоспарыңды құр, үкімет тағы қайтарымсыз қаражатты құйып отыр. Оқымасаң, балаңды оқыт, мемлекет ақысын төлейді. Жақсы оқыса шәкіртақы береді.

 

Жұмысым жоқ деп жатсаң, жастар практикасы бар. Ол бітсе қоғамдық жұмысқа тартыл. Әйтеуір сенің өмір сүруіңе бір тетікті көрсетіп әлек.

 

Ал біз акимат жағалап, негатив жазамыз. Құрту керек, өртеу керек, әкім шығып жауап берсін деп жағадан аламыз. Сонда әкім сен үшін халықтың алдындағы жұмысын тастап «айналайын міне ақша, міне үй» деу қажет пе?!

 

Егер шын мұқтаж болса, жәймен барып қабылдауға жазылып, жағдайыңды түсіндірсең әкімде адам ғой, шешудің бір амалын табады.

 

Тек айналамызды басымызға көшірмей, ойбайламай, зарламай, өз мәселемізді өзіміз шешіп үйренейікте.

 

Біз акимат үшін не живём же Онсызда миды тақтай қылдыңдар.

 

 

 

Майя Қожабай

 Фейсбуктегі парақшасынан