Әйтеуір арқа сүйер көке іздеген біреулердің құр қиялынан өзге түк те жоқ...
ӨЗІҢЕ СЕН!
Тәуелсіздік күні қарсаңында Ресей Думасының депутаттары бүйректен сирақ шығарды. Содан бері міне, аузы ауырмағанның бәрі айғайға аттан қосып жатыр.
Мен осы әлеуметтік желіні бақылап отырып, мына жайтқа таң қалдым. Біздің қазақ алдымен өз күшіне сену керектігін ұмытып кеткен сияқты ма, қалай өзі...
Сырттан біреу кеп мәселемізді шешіп тастайтындай "Ердоған үй депті, қарашай мен балқарлар бүй депті" дегенге сеніп еліріп отырмыз. Интернет тола - фейк... Әйтеуір арқа сүйер көке іздеген біреулердің құр қиялынан өзге түк те жоқ...
Қаны бір түркілер болысар, болыспас... Өз мүддесі үшін тіпті Қытай да мінез көрсетер. Мұндай жағдайда әлем алпауыттары да үнсіз қалмас.
Бірақ, мұның бәрі екінші кезектегі әңгіме...
Біз алдымен өзіміз "бабаларымыздан қалған қарға аттам жер үшін қан төгуге дайынбыз" дей алуымыз керек.
Қазақтың жерін қазақ қана қорғайды.
Ресейдің әскері күшті болғанымен, әділдік біз жақта... Әділдіктің түбі - жеңіс.
Қазақ орыстың уысынан біржола шығатын кез таяп келеді. Осыған сенейік, осы бағытта күресейік...
 
Қанат Әбілқайыр
Фейсбуктегі парақшасынан