Сен тұр - мен айтайын!

Айтпады демеңдер, енді көрсем аямаймын!

  • Айтпады демеңдер, енді көрсем аямаймын!

    Айтпады демеңдер, енді көрсем аямаймын!

Неше айдан бері автобусқа бүгін отырдым. Басқа дәуірден жеткендей, қоғамдық көлікті тұңғыш көргендей ерекше қызық сезімде болдым. Бетпердемді баса киіп, адамдарды бақылап келем. 6-7 айлық баласын қапсыра құшақтаған әйелдің маскасы тамағының астында ойнап тұр. Бала қолындағы емізігі үш рет жерге түсті. Емізікті жерден ала сала, анасы сылп еткізіп өз аузына бір тығып алып, қайтадан баласының аузына кептеді...

Екі дос бала селк селк күліп әңгіме айтып келеді. Автобус теңселген сайын бір құлап, бір тұрды. Біреуі маскасын шешпеді, екіншісі шешіп, умаждап қалтасына салып алды...
Алдыңғы орындықта отыздан асқан әйел отыр. Шашы жалбырап, жүндей түтіліпті. Желп желп етіп, сілкінген сайын беті-көзіне түсіп тұр. Қайыруға да шамасы келмей күрк күрк жөтеліп, дамылсыз түшкіріп, әйнекке жабысып алыпты. Көздері кіртиіп, автобус толы сау адамға алара қарайды. "Маңдайынан ұрып, таңдайын түсірсе обалы жоқ қатын екенін" бетіне айтып кеткім келді. Бірақ көліктен түсерде, жүзіне қарағаным сол, түкірігін шашыратып түшкіріп-пышқырып жібергенде ыршып түстім.
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. Маска тағуды әдетке айналдырыңдаршы, айналайындар! Әсіресе, қоғамдық ортада! Айтпады демеңдер, енді көрсем аямаймын!

facebook.com  парақшасынан 




Көрілген: 1238    Пікірлер: 0

жұма, 26.06.2020, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31