Халықтың мұңын жырлаудың орнына, қәзір кейбір ақындар сақалдарын сапситтып тозақтың отын жарнамалап жүр.
Айтыс баяғыда қайтыс болып кеткен. Жаназасын сәләфиттер шығарған. Киелі сахнаны пропаганда тарататын орынға айналдырып жіберді.
Баяғыда айтыс болады десе іздеп барып көретінмін. Кейін айтыстың мәні кете бастады. Айтыстың өзін рухани жаңғырту керек!
Ринат ағам айтысты қайта тірілткендей болыпты мына видеода. Халықтың мұңын осылай айтып-айтып тастамаған соң бәрі бекер!
Сарай сауысқаны болғанаша, халықтың бұлбұлы болған қандай жақсы!
Айгүл Орынбек
Фейсбуктегі парақшасынан