Аз халықтарға жалғыз құдай жар болсын!

24 ақпан 2022, 16:19

Адамзаттың жеткен жері осы болды. Дүниенің тісі ақсиып тұр. Іздегені - дау, айнала тұтас - жау. 45 млн халқы бар Украина бірін-бірі ала алмай айбат шегіскен қорқау-пейілділердің азуына ілікті. Әлем саясаткерлерінің алыстан кіжініп, жұдырық білегені бір нәрсені нақтылады: аз халық жер бойынан жойылып кетсе де ешкім қызыл кнопканы шыр айналдырып "ойнап" отырған Путиннің алқымынан ала түспейді. АҚШ-ыңа да, Еуропаңа да өз амандығы керек. Экономиканы буындырып боламын дегенше аузынан бурадай көбік шашқан сойқан талайды тапап өтуі мүмкін. Аз халықтарға жалғыз құдай жар болсын! - дейтін тұсқа келдік.

facebook.com