Сен тұр - мен айтайын!

Азаннан кешке дейін тоңқайып жатып ұйықтай бергенше үйін тазалап, нан пісіріп сатса қайтер еді

  • Азаннан кешке дейін тоңқайып жатып ұйықтай бергенше үйін тазалап, нан пісіріп сатса қайтер еді

    Азаннан кешке дейін тоңқайып жатып ұйықтай бергенше үйін тазалап, нан пісіріп сатса қайтер еді

ЖЫЛАУЫҚ ӘЙЕЛДЕР ТУРАЛЫ

Жағдайым мүшкіл, балаларым аш отыр деп етегі жасқа толып әйелдер хабарласады. Үйіне барып, көріп, көмектесе алады-ау деген адамдарға хабарласасың. Ойша біраз мәселе, іс жүзінде де бірқатар мәселе шешіп тастайсың.... Әлгі хабарласқан адамдар көмек беретін болып, біраз уақыт өткен соң қайта айналып барасың ана үйге. Әлгі "бейшара" әйел шығады алдыңнан: аузынан сыраның иісі шығып, баласының бұты мен өткенде мен кеткенде желінген тамақтың ыдысы жуылмай. Кіреберістен ащы зәрдің иісі мүңк ете қалатыны тағы бар. Азаннан кешке дейін тоңқайып жатып ұйықтай бергенше үйін тазалап, нан пісіріп сатса қайтер еді осы қатын деп нервің ұстайды сосын сөйтесің де алған бетіңнен қайтып қаласың. Жағдайың нашар екен, демек тазалық сақтамау керек деген сөз жоқ қой. Ештеңе болмаса да, су бар ғой, СУ, Аллаға шүкір! Ал да жу, ысытып жібер де жуын, шомылдыр балаларды! Сабын болмаса құр суға шайындыра сал! Әйтеуір сасып-бықсып отырмашы Үйін таза ұстауға мүмкіндігі жоқ сол әйелдер жылағанда енді... жер тепкілейді ғой! Бір адамдай-ақ көкбеттігі бар мен өзім шошып кетем
Жағдайы нашар тағы бір үйге барасың. Аядай ғана сыз тартқан бөлме. Күлімсі иіс бар, бұрыш-бұрышта үйіліп әрдеңе тұрады. Бірақ тазалық бар, балаларда тәртіп бар. Дастарханда екі тілім нан тұрса, нан салынған ыдысы тап-таза дегендей. Ол әйел де жағдайын айтып жылайды, бірақ ішқұса болып еңкілдейді. Әлгі әйел секілді бетіңді жұлып алардай аңырап жыламайды, әртістенбейді, шынайы амалсыздықтың көз жасы...
Жалпы, жылауық әйелдердің түр-түрі, сол түр-түрінің де сан мың түрі бар Сіз қандай түрін білесіз? 

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1427    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.05.2020, 10:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31