Сен тұр - мен айтайын!

Азат, бостан ойға, әрекетке бастау үшін адамның өзі сондай болуы маңызды

  • Азат, бостан ойға, әрекетке бастау үшін адамның өзі сондай болуы маңызды

    Азат, бостан ойға, әрекетке бастау үшін адамның өзі сондай болуы маңызды

Орыс тілінде ойласаң орысша бірінші оқисың, орысша ақпаратты қарайсың, оқисың, бөлісесің. Қазақша ойласаң қазақша оқисың, қазақша ақпаратты қарайсың, бөлісесің. Бәрі сөйлейтін, ойлайтын қажеттіліктен туады. Өте қарапайым. Бұл жерде ешқандай саясат та, тіл кедергісі де ештеңе де жоқ. Адам және оның тілге қатынасы ғана бар. Ал енді қазақтың мәселесін "түсінікті" тілде айтып, көтеріп "шырылдап" жүргендер азаматтардың ниеті дұрыс та шығар, кешіріңіз, Сізді қазақ ұғымында, қатты айтқанда "Сүйегі менікі, еті сенікі" деп айтады. Қаншама қазақ мәселесін, мемлекет, тұтастық, бір ел - бір қоғам мәселесін орыс тілінде айтатын азаматтардан мүлдем түңіліп кетеді екенсің. Азат, бостан ойға, әрекетке бастау үшін адамның өзі сондай болуы маңызды. Бір халықтың қамы, әлеуметтік, саяси өзге де мәселелері Сізді айрықша толғандырса оны сол халықтың тілінде айтып қана елге жақындай аласыз. Әрі-беріден соң екі кеменің құйрығын ұстаған адам ғана емес екі тілді де ұстанған адаи суға кетеді. Әлбетте, "жеті тіл білген жеті жұрттың қамын жер" деген сөз бар. Бірақ ол қазіргі отарлық санадан шыға алмаған біздің қоғам туралы емес. Жоғары сипаттаған адамдар жаңа отарлық сананы тереңдетіп, қоғамды билікпен бірлесе екі бөлуді тереңдетіп отыр. Біліп істей ме, білмей істей ме? Кейбір сарапшылар "мен саясаттанушы, экономист, эколог, әлеуметтанушы, адам құқығын қорғаушымын біздің әрекет, жұмысымыз түсінікті тілде болса кешірімді" деп өздерін жұбата тіпті кейде сендіре сөйлейді. Бірақ қалың бұқара олардың сөзі жетпейді де керісінше қазақша ғана сөйлейтін әлдебір теріс ағымды ұстанатын діншілдің, көбік сөзді айтыскердің, көпсөзді инстасаудагердің, жер өртеген көсемсымақтың сөзі өтімді болып кетіп жатады.

Өміржан Әбдіхалықұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.06.2020, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31