Сен тұр - мен айтайын!

Азғындықты ақтауға болмайды...

  • Азғындықты ақтауға болмайды...

    Азғындықты ақтауға болмайды...

Қолға түскен, қылмысы айғақталған кез-келген сұмырайдың алар жазасы адамның жаны түршігетіндей ауыр болуы керек.
Құлағымыз естіген қасыреттер мен көзіміз көрген хайуандықтар жүрегімізді өлтіріп, тынысымызды тарылтып барады...

Әйелді еркек зорласа - заңның талабы тапталып, Алла шариғатының бұзылғандығы...
Бейкүнә бала зорланса - адам табиғатының бұзылғандығы... 

Төңірегімізде қаншама адамның ауқатын ішіп, шайтанның ойымен жүрген сұмдар бар?!
Қаншама қарғысқа ұшыраған тексіздер мен лағынет жауған малғұндар бар?!

Қаншалықты заң қатайғанмен, камералар қаптағанмен қоғамда жақсылық тарқап, жамандықтар тізгінделмесе пенденің пиғылы түзелмейді...

Қазір "ешкімге ақыл айтпа, жөн айтпа, жолын түзетпе" деген сыңар езу талап күшейді...
Үлкен кішіге, аға ініге үлгі сөз айтуға қорқатын болды. Насихат тоқтаса, ағартушылық жүрмесе - нағыз іріп-шіру сонда орын алмақ. Маняктың атын естімеген, педофилдің исін сезбеген бабалар дәстүрін тірілтіп, құндылықтарын құрметті орынға шығару керек.
Науқандық идеология емес, төңірегімізге өміршең ізгілік тарқатуымыз керек. Шарапатты, иманды, сәулелі сөздер көп айтылу керек. Қазір жүректер қатайған, жүйкелер жұқарған. Түрткі болса, қылмыстың кез-келген түрінен бас тартпайтын ұсқыны нұрсыз, мәмілесі қатерлі қаншама жандармен қатар өмір сүріп жатырмыз...

Қорқынышты. Ұл-қыз өсіріп отырмыз.
Болашақ қандай күндерге куә қылады?
Әйтеуір, Алланың мейіріміне арқа сүйеп қана, жақсылықтан күдер үзбейміз...
Әйтпесе, экран есірік атып, көршің есірткі сатып, өмірің өсекке батып қиналып жүргенің кімге өтірік, аяулы ағайындар!

“Бәле келмейді, Алла жазбайынша, Алла бәле жазбайды, адам азбайынша” деген даналар сөзі бекер емес...
Алладан алыстап барамыз, ағайын...
Тындырымды шаруамыздан көрі, артық сөзіміз көп. Қимылымыздан қиялымыз көп. Татулығымыздан таласуымыз, ұғысудан гөрі ұрысуымыз көп...
"Айран қыламыз" деп жүргенде сүтіміз ашып, "қайран қыламыз" деп жүргенде құтымыз қашып, не дүниенің қызығын көрмей, не ақыреттің азабынан құтылмай, нағыз шығынға ұшыраған пенделерден боп қалмасақ екен...

Алла мықтының зорлығынан, пасықтың қорлығынан, дүниенің тарлығынан сақтасын!
Қиянатшылдар екі дүниеде жазасын алсын!!!

www.facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1250    Пікірлер: 0

жұма, 24.07.2020, 18:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30