Сен тұр - мен айтайын!

Азиада, ЭКСПО, LRT, ФИИР сынды мегажобалар бюджет ақшасының тиімсіз игерілуіне әкелді деуге болады

  • Азиада, ЭКСПО, LRT, ФИИР сынды мегажобалар бюджет ақшасының тиімсіз игерілуіне әкелді деуге болады

    Азиада, ЭКСПО, LRT, ФИИР сынды мегажобалар бюджет ақшасының тиімсіз игерілуіне әкелді деуге болады

Сәбіз неге қымбат?
Пивоваровтың "Гибель империи" атты деректі фильмінде КСРО-ның негізгі экономикалық кемшіліктері ретінде мұнайдан түскен ақшаның тиімсіз жұмсалуын айтады. Ақша қару өндіруге, өзге елдерге көмектесуге, керексіз құрылыстарға жұмсалды дейді.
Бюджетінің басым бөлігі мұнай саудасынан түсіп отырған Қазақстан да осы қателікті қайталағандай. 1995ж мұнай 17 доллар тұрған. Ал 2008ж 143 долларға өседі. Яғни, 2007-2008жж Қазақстан мұнайдан басқаны экспорттамаса да, үлкен қор жинауына мүмкіндік болды.
Бірақ сол ақша тиімді жұмсалды ма? Азиада, ЭКСПО, LRT, ФИИР сынды мегажобалар бюджет ақшасының тиімсіз игерілуіне әкелді деуге болады.
Бұл өз кезегінде экономика құрылымының сол баяғы қарапайым күйін өзгертпеді. 6-7 саласы ғана (шикізат, құрылыс) пайда түсіреді, қалғаны бюджет дотациясында. Үкімет ақша бермесе, тіпті Мега сауда үйі тиімсіз бизнеске айналады. Немесе Алматыда азық-түлік бағасын арзандату үшін шаруаға несие берудің орнына жергілікті СПК Магнумға дотация береді. Бағаны өсірмеу үшін. Яғни, бюджет есебінен қысқа экономикалық эффект алу, проблеманы жылдам шешу деген әдіс алға шықты. Неге? Өйткені әкім, министр өз орнында 2-3 жылдан көп отырмайтынын біледі. Ол нәтижені дәл қазір көрсеткісі келеді.
Осылайша, бізде бюджет көмегінсіз өзін-өзі асырай алатын индустриялар қалыптаспады. ФИИР, ФИИР-2 де осы логикамен жүзеге асты. Облыстағы әкімдерге 1-2 жылда бірнеше зауыт салуды тапсырды. 20 жылда салынбаған зауыттар қысқа уақытта қалай салынсын? Содан өтірік лента қию, зауыт өнім шығарды деп басқа зауыттың видеоларын көрсету басталды. "Мемлекет - нашар менеджер" деген қағида тағы бір дәлелденді.
Бұдан басқа, үкімет халықты көбірек жұмыспен қамтудың жолы құрылыс деп түсінді. Дұрыс. Бір үйдің құрылысы 100-200 адамның қолына күрек береді, қосалқы бизнес дамиды. Сол үшін осы салаға бюджет ақшасын аямады. Бірақ құрылыс біткеннен кейін не болады? Қысқа уақытта көп пайдаға кенеліп жүрген кәсіпкер ертең қасық шығарып, оны сатып, пайданы аз-маздап алуға ешқашан бармайды. Өйткені ол 6-7 ай құрылыстан бірнеше миллион тауып үйренген. Жоғары жалақы алатын крановщик те жай жұмысқа бармайды. Сондай ақыны күтіп жатады. Осылайша, қоғамда жалқаулық басталды. Өйткені бәрі түбі бюджеттен түсетін тендерге үйренді. Жақында Атырауға көше тазалауға өзбектерді арнайы рейспен апару, Маңғыстауда жұмыссыздар 120-150 мың теңгелік жалақыны менсінбеу - осының салдары деуге болады.
Бірақ құрылыс сияқты жылдам бітіп қалмай, ертең де өнім шығарып тұра беретін, қоғамда орта класты қалыптастыратын, азаматтарға ертеңге сенімділік сыйлайтын зауыттар көп салынбады. Бүгін де Түркістан құрылысына триллиондар бөлінуде. Ертең қала жайнайды. Алайда 3-4 жылдан соң құрылыс аяқталып, құрылыс компаниялар кеткенде қала елдегі 4-ші ең қымбат қалаға айналуы мүмкін. Ал жергілікті халықтың жалақысы 80-100 мың теңге екені белгілі.
Әрине, экономист емеспін. Көріп жүргеніміздің түйіні. Бәлкім осындай экономикалық саясаттың арқасында аулада егіп жүрген сәбіз 500 теңге болған шығар. Яғни, индустрия және оның өз-өзін реттейтін нарығы толық қалыптаспағандықтан, кез келген тауар бағасын өсіре салу оңай.
Бұл қауіпті ме? Әрине, қоғамда отбасыларда табыс көлемі шығындарды жаппаған соң жемқорлық азаймайды, ажырасу деңгейі азаймайды, адам капиталы нашарлайды, еңбек миграциясы арта береді. Бұл қоғамда ертеңге сенімді жоғалтады. Сенім жоғалса, дегредация басталады....




Көрілген: 2044    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 14:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31