Сен тұр - мен айтайын!

Бағаналы бері қысып ұстап отырсыз - деп қояды

  • Бағаналы бері қысып ұстап отырсыз - деп қояды

    Бағаналы бері қысып ұстап отырсыз - деп қояды

Əншейінде келмейтін ұйқымның əкімшіліктің жиналысында отырғанда келе қалатынына жыным ұстайды ғой, жыным ұстайды.

Баянды баяндаманың əсерінен бе, əлде баянсыз баяндаманың əсері ме білмеймін , ұйып тыңдап отырып, қалғып кеткенімді байқамай қаламын.

Жанымдағылар:

-Телевидение түсіріп жатыр,

басыңызды көтеріп отырыңыз! -деп оятып алады.

Адам ұйықтап жатып та естиді екен ғой!

Естуімше, біздің елдің жағдайы қайдаааааа жақсы екен.

Құр босқа мемлекетке өкпелеп, аузым түртиіп, шүртік ауыз болып жүрген өзім екен.

Жұрттың бəрі бай, халық дән риза .

Шіркін-ай, сол риза адамдардың арасынан өзімді іздеймін де еш таппаймын-ғой, таппаймын.

Баяндамашы сөйлеп тұрғанда тəтті арманға беріліп, кəдімгідей сол бақыттың арасында қиялмен самғап, бақыттан басым айналған күйі ұйықтап кететінім де сол шығар.

Қайбір жылы бір ауданның əдемі бір, без проблемный мəкімшілік жиналысына қатысқанмын.

"Біздің еліміз өркениеті мен мəдениеті, экономикасы дамыған ел, халқымыздың жағдайы керемет! " - дей берген кезде, көздерім жыпылықтап, ұйқы қыса бастаған.

Мызғып алайын десем, жан-жағымдағылардан ұялып отырмын.

Ұйықтап кетпейінші осы -деп алдыңғы орындықтан ұстап отырғанмын.

Ұстаған күйі ұйықтап кетіппін.

Қолымнан біреу қысатын сияқты.

Ұстасам былқылдақ.

Мен орындық ұстап отырған сияқты едім, жұмсарып кеткен бе -деп қоямын.

Оянып кетсем,

ұят-ай жанымда отырған бір мекеме басшысының қолынан қысып ұстап алыппын.

Ұяттан бет өртенді.

Қарасам, ол да қызарыңқырап қалыпты.

-Кешірерсіз менің қолым сіздің қолыңызды неге ұстап алған деппін сасқанымнан. ,

Ол да ыржалақтап,

-Білмеймін ғой!

Бағаналы бері қысып ұстап отырсыз - деп қояды.

Шаршап ұйықтап кеткенімді, ұйықтап жатқан кезде адам өз ісіне жауап бере алмайтынын айтып ақталдым.

Ол да қуады екен.

-Хорошо что сіз қолымды қысып ұстадыңыз -дейді.

Иə, хорошо что мен қолынан қысып ұстаппын.

Əйтпесе .....


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4267    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.08.2019, 13:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31