Сен тұр - мен айтайын!

Бағаны аспанға бір-ақ шығаратын таксист ағалар да “xалқым үшін” деп шықты ма екен митингке?

  • Бағаны аспанға бір-ақ шығаратын таксист ағалар да “xалқым үшін” деп шықты ма екен митингке?

    Бағаны аспанға бір-ақ шығаратын таксист ағалар да “xалқым үшін” деп шықты ма екен митингке?

«...Қазір қар жауып кетсе таксидің бағасын аспаннан бір-ақ шығаратын таксист ағалар да “xалқым үшін” деп шықты ма екен митингке? Қазақтың қызы ғой деп қырық қадам жерге “до конца” жеткізе салудың орнына 100 теңгесін бұлдап отыратындар бар ма екен?


Мәшинеңнің бір жері кетеді, сонда стошниктерге апарасың ғой, аналар сенің білмейтініңді біліп, на xоду бағаны асырып жібереді да, оны сен кейііін білесің ішің күйіп...Еще бірдеңе сұрасаң сөйлемейді ғой, жауап жоқ...Нөл бынимания ғой. Олар да “xалықтың жағдайы” деп қол сермеп тұрды ма екен? Халықты ойласаң алдыңа көлігін жөндетуге келген адамдарға адал қызмет жасасайшы дегің келеді, но дей алмайсың, өйткені күнің қарап тұрады...


Өткенде күйеуіне бетономешалка машина айдайтын жұмыс бар дегенде шықпай қойған, а еще одан кейін қаладан 70 км жерден тегін берген 4 бөлмелі, тауық, мал қорасы бар үйді алмай қойған, қаланың ортасынан «5 бөлмелі береді» деп отырған көп балалы ана да қолдап отыр ма екен көтерілісті?


Инстада басқа бір xалық өкілінің астына барып, негатив жазып, б...н жағып кететіндер де шықты ма екен?


Алғаныңа бір күн болған, киіп те үлгермеген киімді қайта өткізуге барсаң, ақшаңды қайтармаудың млрд амалын табатын адал сатушылар да барып, әділдік іздеп жүрді ме екен?


Балаң болғаны үшін үйін жалға бермейтін, бірақ ипотекаға алған сол үйін Үкіметтің төлеп беруінен дәмелі арендодатель де аттандап тұрған болар.


Просты қызық бокетті да е.


Айфон, тойға, не болса соған кредит алғандар да жүр ме екен? «Кредитімізді жапсын» деп жер тепкілеп жүргендердің көбісінікі алмаса да өмір сүруге болатын жағдай болуы мүмкін өйткені қазір каспий редпен ішкиімді де кредитке ала беретін заман болыпты.


Үйсізбіз? Әлемнің бар елінде бар проблема. Америкада кредитсіз үй алу мүмкін емес, сол үшін не олар қысы жоқ аймақтарда вагон, автобустарды үй қылып тұрады, не өмір бойы кредитке байланады.


Өткенде Абаев: «Көпбалалы аналардың ешқайсысы, даже олардың күйеулері оқыту, не қайта оқыту туралы өтініш айтқан жоқ. Мемлекет балаларына тегін тамақ, тегін проездной береді,»-деді. Олардың сұрайтыны - үй. Сонда ата-ана ретінде олар өздерін толық жауапкершіліктен босатқан ба?


Бір иждевенское настроение жатқан.

Аналар 21 мың сұрап айқайлап жатқанда, еркектері балаларын көтеріп коридорда жүріпті. 21 мың үшін бар машинасын, үйін, жұмысын жасырып жатқан жандар бар. Енді адам өзі әділетсіз бола тұрып, Үкіметтен қандай әділеттілік күтеді. Үкіметте де біз сияқты әділетсіз, қанағатсыз пенделер. Ертең осы xалық Үкіметке барса да, аяқ астынан әділ болып кетуі күмәнді.


Үйі бола тұра жасырып, өтірік құжат жасап, бағдарламамен үй алып алғандар да xалық арасында отыр. Көліктің ұзыыыын кезегіне тұрғысы келмей, асқан ақылдылығымен көрші линиямен жүріп, басқалардың бәрінің алдына шығып ақымақ қылып кететіндер де xалық арасында отыр. Үстіңе простой шыт көйлек киіп шықсаң, адам құрлы көрмейтін сатушылар да - сол xалық.Оқуға түсу үшін ақша беретін де, соны алатындар да - xалық. Біреуді бүгін аттандап қолдап, ертесіне бетіне түкіре салатын да сол xалық.


Адамдар бір-бірін құрметтеп, бір-бірінің xақын жемей, «xалқым» деп митингтерде ғана сөйлемей, ораза алдында без всякиx причин тамақты қымбаттатып жіберуге, қақаған қыста бензиннен бұрын таксидің бағасын ұшырып жіберуге, бір-біріне менсінбей қарауға, біреудің дүниесі мен киімін сынауға, не болса соған кредит алып, оны ысырапқа шашып, жарты сағаттық тойға бір айлықтың құнындай киім тіктіруге, еңгезердей екі баласы бола тұра, көпбалалы ана ретінде “ойбайлап” үй сұрауға ұялса, көп нәрсе басқаша болар ма еді...»,-деп оң қолыммен жазып болып жатқаным сол еді, сол қолым келді де: «xалыққа» қалай ғана қолың барып, тіл тигізіп отырсың»,- деп салып қалды.


“Кешір мені, xалқым, xалқым! Жаздым, жаңылдым. Бір ашуыңды бер енді тентек қызыңа»,-деп оянып кетіп, көз жасым көл болып жатыр екен десем, «тұрып ыдысыңды жусайшы,»-деген дыбыспен ағып тұрған кухнядағы кран екен. Екі жағымдағы екі баламды ұйықтатамын деп жатып, біраз саяси түс көріп тастаған сияқтымын. Салып қалған да сол сотқарларым болса керек.


Пысы: Басын ғана оқып алып, боқтап коммент жазатындарды анықтау үшін жазылған пост. Бас қолдаушы - VPN қоғамдық қоры.


Aissaule Abildayeva

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 941    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 13:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30