Бақ пен сордың аражігін ажырата алмағанымыз ба?

23 қазан 2019, 10:06

Қазақ тілін мүсәпір халге түсірген біздер, тілдің қадірін жоғалтқан жазармандар мен жағы талғанша таңдайы тақылдайтын айтқыштар сияқтымыз. Әлгі бір әзірде 7 каналдан көрсетілетін түрік сериялына назарым ауған. Кейіпкері: "Маңдайының бағы бес елі екен..." деп соғып жатыр, әлдекімнің қуанышын меңзей. Ағайын-ау, қазақ қазақ болғалы "Маңдайының соры бес елі" демеуші ме еді? Сонда бақ пен сордың аражігін ажырата алмағанымыз ба? Әлде тисе - терекке, тимесе - бұтаққаның кері ме? Аллам, сабыр бергейсің.

Төкен Әлжантегі
Фейсбуктегі парақшасынан