Сен тұр - мен айтайын!

Бақыт деген - адамның бақытқа, бақыт деген сөзге қарым-қатынасы ғана

  • Бақыт деген - адамның бақытқа, бақыт деген сөзге қарым-қатынасы ғана

    Бақыт деген - адамның бақытқа, бақыт деген сөзге қарым-қатынасы ғана

Адам жалғыз болуы мүмкін, өмірбойы жалғыз боп өтуі мүмкін, бірақ өзін сондай бақытсыз сезінбеуі мүмкін. Сол жалғыздығында мән болуы мүмкін. Адам жалғыз болуы мүмкін, (тұрмысқа шықпай, үйленбей) бірақ өзін бақытсыз сезінуі мүмкін. Бақыт деген - адамның бақытқа, бақыт деген сөзге қарым-қатынасы ғана. Күйеуімен ажырасқан, бірақ өзін баласымен өте бақытты сезінетін әйелдер бар. Ажырасу - адамның бақытсыздығын көрсетпейді ғой. Біздің қоғамдағы ажырасқан әйелдерге деген көзқарас - біздің қоғамның комплексін көрсетеді. Іріген-шіріген қоғамның деңгейін көрсетеді. Күйеуімен баласы болмай ажырасқан, аяғын "қия баспайтын", күн секілді жарқыраған, қолынан келген жақсылығын аямайтын әйелдерді білем. Оларды қалай бақытсыз дейсің? Күйеуге тимеген, бірақ өзгенің баласын бауырына басып, содан бақыт тапқан, жақсылығын аямайтын әйелдерді білем. Біреуге жақсылықты өзін жандүниесінде бақытты сезінетін адам ғана жасайды.
Күйеуі қайтыс болған, бірақ жаман аты шықпаған, мына қоғамда жаман аты шықпас үшін жанталасып, арпалысып, өзімен, нәпсісімен алысып, іштей өксіп жүрген әйелдерді білем. Өз тазалығын сақтау үшін күрескен оларды қалай бақытсыз дейсің?
Күйеуімен, отбасымен гармонияда өмір сүретін, бақытты екені көзінен бірден көрінетін әйелдерді білем.
Күйеуі бар, бауырында баласы бар, бірақ өзін бақытсыз сезінетін әйелдерді білем. Себебі, "күйеуімнен жылу көрмедім" дейді. Күйеу не әйел өмірбойы жылу, мейірім беретін энергия қуатын өндіріп отырған зауыт емес. Энергия алмасу болмаса, біреуің моральдық вампирге айналасың. Энергияңды сора берсе, шаршайсың. Энергия алдың ба, оның да қайтарымы болу керек.
Мораль айтып кетпедім бе?  Мораль тыңдағанды да, айтқанды да жек көрем. Саналы түрде тыраштанып, ақылды пост жазғанды да жек көрем.
P.S. Бұл постың маған қатысы жоқ. "Сонда өзін бақытсыз сезіне ме? Ажырасқан ба?" деп сөз аңдып отыратын адамдарға ашық жазып қоймасаң болмайды.  Ешқашан тұрмыста болмағам, тұрмысқа шықсам деп жүрмін.  Бұрыннан жазсам деп жүрген, ойда жүрген жазба еді. Өзімді бақытты сезінем. Бақытты сезінбеуге қақым жоқ. Ең арысы, "Аяш" деп еркелететін оқырманым бар.

Ая Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 1149    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.02.2021, 14:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30