Сен тұр - мен айтайын!

Бақытқа гүл екеш - гүл де ұмтылатынын танысым білсе ғой?

  • Бақытқа гүл екеш - гүл де ұмтылатынын танысым білсе ғой?

    Бақытқа гүл екеш - гүл де ұмтылатынын танысым білсе ғой?

Ой, Алла-ай, тұрмыс адамды қалай өзгертеді ә? Көптен көрмеген танысыммен автобуста кездесіп қалдым. Күйеуі өмір бойы десем жаңылмаспын, әйтеуір жастайынан атүстінде жүрген жігіттін. Танысым дипломы болса да ешқашан жұмыс істемеген. Күйеуі барып тұрған малтабар. Байлықтың іркіті ағып жатты дегендей. Мінезі қиындау, өктем сөйлегенді ұнататынын білем. Алыстан сыйласатынмын. Обалы не керек, мені көрсе жалпылдап қалатын. Алғашында танымай қалдым. Шыны керек, көпшілік автобусында көрем деп ойламаппын. Қабағы түсіңкі. Күйеуінің қайтыс болғанына екі жыл бопты. Жалғыз ұл Лондонда тұратына он бес жылдан асыпты. Келіні ағылшын қызы екен. Ұлы ағылшын азаматтығын алып үлгерген. Келмейтін көрінеді. Күйеуі үйден басқа бар тапқанын ұлына жаздырған екен. Әкесі өлісімен ұлы бар байлықты сыпырып әкетіпті. Машинаға дейін сатып, үйдің қарақан басын қалдырған. Әлі зейнеткерлікке жасы жетпегендіктен (менен бір жас қана үлкен), құйылып жатқан ақша жоқ, қатты тарығыпты. Таныс-тамыр арқылы бір мекемеге күзетші (вахтерша) боп жұмысқа ілігеді. Үйі зәулім екені есімде. Сөйтсем, кейін үш этаж үйге көшкен екен. Коммуналдық төлемі қымбат болған соң сатайын десе, көзі қимайды. Әлі де баласынан келеді деп үмітті. Өмірін думанның базарында өткізген әйел, тосын қиындыққа психалогиялық тұрғыда дайын болмағандықтан, бірден күйреген. Маған; "Сен мықтысың ғой. Сендей болу қайда?" - дейді. Әрине, сөзім жеткенше қажырландырып бақтым. Бірақ, көзі селт етпеді. Сенбеді. Күйеуіне ғана сеніп өмір сүрген қандай қиын екенін көргенде, аядым. Осы ұлын туғанда мастит боп, қорыққаннан басқа бала тумай қойған. Оған бола күйеуі де бас қатырмаса керек. Қиындық көрмегеннің егделік етектен тартқанда жалғыздық пен қиындыққа бетпе-бет келгенде төтеп беруі қиын екен-ау? Төтеп беруге қажыр мен төзім керектігін ойлауға да парасат керек-ақ. Жалғыз ұлдың безбүйректігінен тұла бойым түршікті. Аялдамамнан түсіп қалдым. 26 жасынан желдей ескен шетел машинасында шалқи ғұмыр сүріп, автобус мініп көрмеген танысым, терезеге үңілген бойы көпшілік арасында жаны жаурап кетіп барады. Театрыма жақындай бере жарқыраған күнге ұмсына жайқалған гүлдерді көріп, көңілім көтеріліп сала берді. Өмірдің Жаратқанның әмірінсіз таусылмайтынын, бақытқа гүл екеш - гүл де ұмтылатынын танысым білсе ғой?


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 721    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 11:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31