Сен тұр - мен айтайын!

Бақытты болу қиын емес қой…

  • Бақытты болу қиын емес қой…

    Бақытты болу қиын емес қой…

Қиын емес қой…


Бұрылыста тоқтап, жаяу жүргіншіні өткізіп жіберу қиын емес қой: сонда оның пәлтесі, сенің арың таза боп қалады.

Шыршаның ойыншығын сындырып алған балаңа "ештеңе етпейді, олжа келе жатыр" дей салу қиын емес, жарты сағат бақырып, ол ойыншықты емес, тап бір сенің жүрегіңді сындырып алғандай маңғаз түр жасамай-ақ қой.

Анаңа ертең емес, дәл қазір қоңырау шалу қиын емес...

Қойылым аяқталғанда орныңнан тұрып қол соғу қиын емес. Соған бола аяғың қиналып қалмас, ал әртіс үшін содан артық бақыт жоқ. Сенің ілтипатың олардың марапаты ғой.

Жақтырмаған нәрсенің бәріне айтар пікіріңді өзіңе қалдырып, күш-қуатыңды пайдалы дүниеге арнау қиын емес. Есесіне улы сөзге шығындайтын көңіл таза қалмақ.

Орын берген адамға алғыс білдіріп, жазған хатыңа тез жауап алғанда да ризалығыңды білдіру қиын емес. Әрі-беріден кейін саған ешкім берешек емес қой.

Көңіл тартпай тұратын, ортақ еш құндылығы жоқ адамға, дөкір, өтірікшілерге, жақпайтын музыкаға, ішпыстыратын кітапқа "жоқ" деу қиын емес.

Өзіңді сыйла:

сені бүлдіретіннің бәріне - "жоқ" де;

сені бақытты ететін дүниенің бәріне - "иә" дегін!

Жай ғана, еш себепсіз "сен бүгін өте сүйкімдісің, сені сүйем" деп жаза салу қиын емес. Бүгін сол сөзді жазатын адамың бар. Ең үлкен бақыт сол!

Ережені бұзып, күлкіге қалып, ұйықтап қалу - боп тұратын жағдай ғой. Немесе ең бір көңілсіз күні ең әдемі көйлегіңді киіп шығу. Қонаққа деген ыдыспен қарақұмық ботқасын жеу...

Біздің күнделікті қайталайтын осындай "рақмет", "ештеңе етпес", "мен бармын ғой", "сені сүйем", "келгенің қандай жақсы болды" дегендерден "қарапайым", бірақ адамға ғана тән бақыт құралады екен...


Аглая Датешидзе

Аударған Шынар Әбілда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 810    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 12:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қаңтар, 12:10
    Күйдірдің ғой ит-ай!
    31 Желтоқсан 2019
    Әкім болудан қорқамын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31