Сен тұр - мен айтайын!

Бала бақшаларда тəрбие жұмыстары бір ақ тілде, мемлекеттік тілде ғана жүргізілуі керек

  • Бала бақшаларда тəрбие жұмыстары бір ақ тілде, мемлекеттік тілде ғана жүргізілуі керек

    Бала бақшаларда тəрбие жұмыстары бір ақ тілде, мемлекеттік тілде ғана жүргізілуі керек

Осы үш тілділік жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға көп өзгеріс жасау керек, егер елдің келешегін ойлайтын болсақ. Бастауыш сыныптарға тек мемлекеттік тілде сабақ берілсе, ағылшын тілі мен орыс тілдері 5 - сыныптан ғана оқытыла бастаса. Ал бізде бəрі керісінше. Орыс мектептерінің "мұртын балта шаппайтын" жағдайда. Қазақ мектептерінен жағдайлары едəуір жақсы. Мектептері ата аналар үшін қолайлы жерлерге орналасқан. Қазақ тіліне "пысқырмайды" да. Көптеген қазақтың балалары орыс мектептерінде оқиды. Себебі тілдері орыс, оның себебі бала бақшаларда орысша сөйлейміз. Сонда біз қай мемлекетте тұрып жатырмыз деген сұрақа жалтаң жауап береміз. Мемлекет білім саласына қыруар қаржы жұмсайды, бюджеттің тең жартысына жуығы осы салаға кетеді. Ұрпақ тəрбиесі - ұлттың болашағын қамтамасыз етеді. Ойланайық ағайын, бүгінімізді дұрыстамасақ, ертең опық жейміз. Тіл мемлекетіміздің басты құралы. Тілі құрыған ұлттың , өзі де құрыйтынын ұмытпайық. Бала бақшаларда тəрбие жұмыстары бір ақ тілде, мемлекеттік тілде ғана жүргізілуі керек. Кезінде мұндай бастаманы Астанада әкім боп тұрғанда Иманғали Тасмағанбетов жасаған болатын. Қала халқы еш айғай - шусыз, түсіністікпен қабылдағантұғын. Сонда ғана қазақтың тіліне деген құрмет, қажеттілік пайда болмақ. Ал дəл осы күнде, Өскеменде орысша білмесең аштан өлесің , немесе ауруыңды айта алмай арманда кетесің. Өйткені, Өскеменнің қазағы да, өзге ұлттары да орысшаға ауып алған. Осы жағдайдың бəрінің түп тамыры мектептерде жатыр.


Tusiphan Tusipbekov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 650    Пікірлер: 0

жұма, 16.08.2019, 10:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30