Бала робот емес, бала ол бала

23 ақпан 2022, 01:30

Кеше дүкенге кіріп бара жатып, шетте жылап тұрған кішкентай қызға көзім түсті. "Неге жылап тұрсың?" деп сұрадым. Телефонды өзі бұғаттап, ашайын десе паролін ұмытып қалыпты. Сотка жөндейтін жер жабық тұр. "Жылама, ата-анаңа хабарласайық" деп едім, шошып кетті. "Папамның телефоны, өкпелейді ғой, ешкімге звондамаңыз" деді. Мамасына да звондама деді. Өзі шешпекші. Бұғатын ашып, өзі реттемекші. Телефон жөндейтін жігіттер намаз оқуға кеткен екен, келеді деді.
Келесі жақын жерге барсам, ол жерде аша алмаймыз, тек Арзан дүкенінің жанында бар деді.
Бұл қызды сырттай білемін, біреудің жалғыз қызы.
Неге осынша ерке қыз ата-анасына шындығын айта алмайды?
Өйткені, идеал қылып өсіргендіктен.
Балалар ата-анаға шынын айта алу үшін не істеу керек.
ЕШТЕҢЕ ЕТПЕЙДІ деу керек. Бәрін шешуге болады.
Неге бала кіп-кішкентай болып бәрін өзі шешпекші, себебі жаман болып қалудан қорқады.
Идеал қылып өсіруде, баламен мақтануда өте абай болу керек. Бала робот емес, бала ол бала.
Жоқшылық көріп өскен бала бәрібір өмірге бейім келеді.

facebook.com