Сен тұр - мен айтайын!

Бала таситын автобусты енгізу үшін тағы қандай қасыретті күтудесіздер?

  • Бала таситын автобусты енгізу үшін тағы қандай қасыретті күтудесіздер?

    Бала таситын автобусты енгізу үшін тағы қандай қасыретті күтудесіздер?

Таңғы 5-те әдемі аязбен сырластым. Кәдімгідей танауды шымшиды. Қар жауғанда "Өлі табиғат" дейді ғой. Әйтсе де, өлі табиғаттың да өзіндік сұлулығы бар. Айнала әппақ! Пеш жағарда котельнидің есігін ашып қоям. Сөйтсем, далаға етіктің тұмсығын көмердей қар жауыпты?! Бұл да дұрыс. Әр нәрсе кезеңімен болса дұрыс. Газеліміз бір аялдамаға тоқтаймын деп, моторы өшіп қалды. Өткінші такси ұстауға тура келді. Бір әйел екі оқушы қыздарды бір орынға отырғызып, шопырға Қайтпас-2-дегі мектептеп тастап кетуді өтінді. Бағдат екеуміз мектепті аңдып келеміз. Уһ, аман-есен мектептің алдына тастаттық?! Ойпырм-ай, беті аулақ, бүгінде сан-қилы оқиғалар боп жатыр ғой. Анасы байғұстың күнде тасырарлық мүмкіндігі жоқтығы түрінен көрініп тұр. Мектептен оралғанша уайымдайтын шығар ә? Ой, Алла-ай, айналайын үкімет, 30 мемлекеттің қатары құрсын, енбей қалсақ та ренжімейміз, ризамыз. Мектепке бала таситын автобусты заңдастырыңдаршы?! "Болашақ" дегенді қағаз жүзінде ұрандатқанша, қарапайым "сары автобустың" мәселесін үкімет деңгейінде шешіңіздерші? Жол бойы қарды омбылап мектепке шұбырған оқушы. Әжетхана салыну үшін жан төзгісіз қасыретке ұшырадық. Бала таситын автобусты енгізу үшін тағы қандай қасыретті күтудесіздер?

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 972    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 10:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30