Сен тұр - мен айтайын!

Бала туылмаса, селдіреп қаламыз ғой. Болашақта еліміз бен жерімізді кімге табыстаймыз?

  • Бала туылмаса, селдіреп қаламыз ғой. Болашақта еліміз бен жерімізді кімге табыстаймыз?

    Бала туылмаса, селдіреп қаламыз ғой. Болашақта еліміз бен жерімізді кімге табыстаймыз?

ҚҰРБЫМНЫҢ ХАТЫНА ЖАУАП


Түркістанда тұратын, тарих ғылымдарының кандидаты, «Сәбина» балабақшасының меңгерушісі, сырлас құрбым, Баян Адырбек фейсбук желісі арқылы хат жазыпты.

Құрбымның сағындым деген сөзін естіп жүрегім елжіреп кетті. Қайда жүрсең де аман бол!

Баян! Біраз проблемаларды айтыпсың. Бұлар әр қазақтың үйіндегі ашына айтылып жатқан әңгімелер. Ораза кезінде, жеті қат көктің есігі ашылып, шайтандар бұғауланып, періштелер Аллаға тілегімізді жеткізеді деген отыз күнде де дәл осы сені мазалаған сұрақтардың жауабының дұрыс шешілуін тілегенбіз.

Тыныштық болса бақытты өмір сүруге болады деу де артық па деймін. Бақыттың кедергілері көп секілді.

Көп балалы жастарымыз 21 мың алатын болды деп көбелек-көңілмен қуандық. Бұған тіркеліп сан проблема шығады деп ойладық па? Соңғы кезде сөзді желге ұшыратын болдық қой. Күні кеше ғана бізде өндірілген кен, астық, мұнай, шикізат тиелген эшалондар жер шарын қанша мәрте орап алуға жететінін айтып мақтандық. Енді соның есебі – балаға төленетін 21 мың теңгеге жетпей отыр. Оны кім тауысты? Кім сарқыды? Имансыздыққа, Құдайға шекеден қарауға қалай жол бердік? Мемлекет игілігі оның адамдарына тиесілі болу керек қой. Мемлекет бюджетін кім жасап отыр? Халық дейміз. Ендеше халықтың ерніне ол неге тимеуі керек? Халық пен мемлекет арасындағы байланыс, бір-біріне қамқор болу қарым-қатынасы қашан үзілген? Бір-бірімізге неге бейқамбыз. Бір кезде өзіміз ауа таза болмағандықтан бала көтеру зиян дегенге сендік. «Ауаны тазартып беріңдер» деген талап қоя алмадық. Азық-түлікті пестицидтен тазарт, біз аллергия болып жатырмыз деп талап қоя алмадық. Бұған өз мінезіміз кінәлі. Жуастықтықты, жігерсіздікті, тіптен сауатсыздықты мәдениеттілікке балаптық.

Халық кедейленгенде көп нәрседен күдер үзеді. Ешнәрсеге алаң болмай, бойкүйездікке салынады. Ынта болмайды. Өзгеге иек артып кетеді. 21 мыңның проблемасының бұл бірлі-жарым белгісі ғана.

Мемлекеттен аспандағы айды алып бер деп сұрамаймыз. Аналардың бала туып, оны тәрбиелеуіне жағдай жасауын талап етейік! Бала туылмаса, селдіреп қаламыз ғой. Болашақта еліміз бен жерімізді кімге табыстаймыз?

Баян! Талаптың да шегі болу керек. «Алманы пісіріп, аузыма езіп салыңдар» деу де артық деп ойлаймын.


Ділдәр Мамырбаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1134    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 12:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31