Сен тұр - мен айтайын!

Балалар да пияз секілді...

  • Мұрат Мұқаш

    Мұрат Мұқаш

/Қателігін кеш түсінген әйелдің өкініші/
Шынымды айтсам, кезінде балаларыма қарауға уақытым да болмады. Жұмыс-жұмыс деп күндіз-түні шапқылап жүре бердім, жүре бердім. Басшылардың көзіне түсуге тырыстым, мансап қудым. Балаларым да ештеңеден тарыққан жоқ. Не ішем, не жеймін демеді. Олардың қателіктері мен кемшіліктеріне мән бермедім. Ал олар болса мені іздемеді.
Бірақ алаңсыз балалық әне-міне дегенше өте шықты. Ұлым бозбалаға, қызым бойжеткенге айналды. Ақыры, күндердің күнінде болмайтын нәрсеге бола ренжісіп, бір-бірімізді кінәлауға дейін бардық. Міне сол сәтте мен өзімнің қатты қателескенімді түсіндім. Өзегім өртеніп өкіндім! Бірақ амал не! Барымды салып бағып-қаққан балаларым ана махаббаты дегеннің не екенін білмей өсіпті! Мен оларды дұрыс тәрбиелей алмаппын, жамандықтан тиып, жақсылыққа үйретпеппін!
Бір күні қызыммен тағы ренжісіп қалдым. Бірдеңемен алдана тұрайын деп ас үйге барып пияз тазаладым. Өкініштен көкірегім қарс айырылды. Өзімді-өзім ұстай алмай, көз жасыма ерік бердім. Осы сәтте жаныма анам келді.

– Неге жылап тұрсың? – деді ол маған қарап.
– Өзі тым ащы екен. Кейбіреулерін аршығанда көзіңнен жас ағызбайды....
– Онда бұл пиязды дұрыс суғармаған ғой, – деді анам, бәрін түсінетінін сездіріп.
Өмірлік сабақ дегеніміз міне осы. Балалар да сол пияз секілді. Жас кездерінде дұрыс суғармаса, есейгенде өзгелердің көзінен жас ағызатын болады.
Мұрат Мұқаш
Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1879    Пікірлер: 1

бейсенбі, 27.11.2014, 10:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31