Сен тұр - мен айтайын!

Балалар əдебиеті еш мейірім-қамқорлықсыз тұлдыр жетім қалды...

  • Балалар əдебиеті еш мейірім-қамқорлықсыз тұлдыр жетім қалды...

    Балалар əдебиеті еш мейірім-қамқорлықсыз тұлдыр жетім қалды...

Бүгіндері балалар əдебиетінің жай-жапсары, тағдыр-талайы жиі сөз бола бастады. Тым жақсы ұсыныстар да айтылуда. Тек соңы құмға сіңген судай болып, сиырқұйымшықтанып кетпесе жарар еді. Үй мықты болуы үшін іргетасы мығым болуы шарт. Мəселеге осы тұрғыдан келгенде, балалар əдебиеті тұтас адамзат қоғамының іргетасы. Балалар əдебиетінсіз дені дұрыс, жібі түзу қоғам құру мүмкін емес. Балалар əдебиетінсіз жан-жақты жетілген кемел тұлға, яки Абай хəкім армандағандай нағыз толық адам тəрбиелеу, қалыптастыру еш мүмкін емес.
Мені бір қатты таңқалдыратыны, біздің елде балаларға арналған шығармаларға байқау жарияланса болды, балаларға арнап жазатын "ақын-жазушылар" қаптап кетеді. Бұл ең жұмсартып айтқанда - жасандылық. Балалардың періштедей пəк əлемін ондай көзбояушылықпен бүлдіруге болмайды. Балалар əдебиеті -мөлдір бұлақ. Оны халтурамен лайламайық! Балалар əдебиетіне "келіп-кетіп", "кіріп-шығып" жүрдім-бардым жазғаннан тек күлдібадам бірдеңе ғана "пайда болады". Балдырғандарға олардың өзіндей пəк те періште пейілмен қарап, бар жан шуағыңды төгіп жазсаң ғана шығармаң шынайы шығады. Күні кешегі қоғамдық формацияға қоса, меншіктік қатынастар күрт өзгерген кезден бастап балалар əдебиеті еш мейірім-қамқорлықсыз тұлдыр жетім қалды. Соған қарамастан еш ақысыз-пұлсыз балдырғандарға, балғын оқырмандарға, жасөспірім-көкөрім жеткіншектерге арнап жылдар бойы жазып келе жатқан қаламгерлер аз да болса баршылық. Демек, қазіргі заманғы қазақ балалар əдебиетінің нағыз қайраткерлері солар! Енді бір айтпағым, Өтебай Тұрманжанов, Мүбəрак Жаманбалинов, Нəсіредин Сəрəлиев, Машқар Гумеров, Балтабай Əділов сынды балалар əдебиетінің көрнекті өкілдерінің кітаптарын мемтапсырыс бойынша əдемі безендіріп шығарып, олардың рухани мұрасын шашау шығармай келе жатқан заңды мұрагерлеріне қаламақы төлеу керек. Балаларға арнап керемет əндер жазған композитор Ибрагим Нүсіпбаевтың шығармашылығына да ауқымды əрі жүйелі насихат қажет. Сонымен қатар меніңше, балғын оқырмандарға, жеткіншек-жасөспірімдерге арналып жазылған шынайы шығармалар үшін Бердібек Соқпақбаев атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындайтын кез келді, уақыт жетті!

Бауыржан Ғұбайдуллин

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1065    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.11.2020, 16:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31