Сен тұр - мен айтайын!

Балаларды өлтіруді доғарыңдар!

  • Балаларды өлтіруді доғарыңдар!

    Балаларды өлтіруді доғарыңдар!

 Қазақстандағы балабақшалардың барлығын үлкен тексеруден өткізу керек! Балалар мен жасөспірімдер баратын үйірмелерге де тек лицензиясы бар мекемелерге ғана рұқсат беру керек! Бүгін дәл осы екі мәселенің төңірегіндегі екі жәйт жүректі қақ айырды. Біреуі жаттығуда жүріп ажал құшса, біреуі балабақшада жүріп екінші қабаттан ұшты.

Біреуі көз жұмды, біреуі комада. Адамдар айуаннан да бетер боп бара жатыр. Не көрінді, осы ақшаның соңынан жүгіргендерге?! Құдайдан қорықсаңдар етті! Арзан қызметкер, тәрбиесіз тәрбиеші, псиxикасы ауытқыған тәрбиеші, тасжүрек тәрбиеші, мейірімсіз әйел, тасжүрек ана, арзан қызметкер...

"Қазір баламызды қандай балабақшаға береміз" немесе "мемлекеттік балабақшаға бере аламыз ба?" деп емес, тәрбиешілері дұрыс, сенімді балабақша іздейтін болдық.

Барлық ата-ананың уайымы сол. Айына 100-150 мың теңгелік жекеменшік балабақшаларға жұрттың бәрінің жағдайы жетпейді. Арзандарының түрі анау. Мен бұл мәселені бірінші рет айтып отырған жоқпын. Біздің білім министрі, отбасы мен балалардың мәселесімен айналысатын департаменттерден әрекет байқалмайды. Сіздер неге бұл мәселені қолға алмайсыздар? Ол балалардың орнында өздеріңіздің балаларыңыз немесе немерелеріңіздің болмауына кім кепіл?!

Хош, жазған посттарым жететін жерге жетпесе, мінберде сөз тисе немесе министрді көрсем бірінші кезекте осы мәселені айтамын. 


Instagram




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

жұма, 17.05.2019, 23:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30