Балалардың емес ата-аналарының санасын түзетуіміз қажет...

08 тамыз 2022, 12:55

Ойланарлық жәйт...
Жақында психология мамандығы бойынша ЖОО нын бітірген бір қарындасыммен кездесіп әңгімелесіп қалдық. Мен жалпы Европаша білім алған психологтарды мойындай қоймаймын ,"бір жеріме қарамай)).
Сонымен әңгіме барысында не жұмыс істеп жүргенін сұрадым.
- Жасөспірімдердің орталығында балалардың әртүрлі нәрсеге тәуелділігінен айыру үшін ( телефон,кино,наша,арақ,т.б.) күресесеміз яғни тәрбиелейміз.
- Жақсы екен,нәтиже қалай?
-Аға,балалардың емес ата-аналарының саналарын түзетуіміз қажет.
-Қызық екен?
-Иә аға, біздер иемізді жоғалтып алғанбыз. Ал иесі жоқ адам жүреді сол әркімге тәуелді болып.
Мені қарындастың сөзі ойландырып тастады. Мен бұрында айтқанмын Кеңес үкіметінің бізге келтірген ең үлкен зияны құдай жоқ деп үйретті және оған біршама жетістіктерге жетті де. Естеріңізге алыңыздаршы үлкен кісілер" е жаратушы ием,немесе жаратқан ием" деп жататын. Яғни өздерінің иесі бір Алла екенін мойындайтын және барлық істеріне жауап беретін бас иеміз бар деп ешнәрседен қорықпайтын. Әрине артында мықты иесі ,тіреуіші бар адам неден қорықсын? Сіздер қалай ойлайсыздар?

facebook.com

 
 
Комментировать
 
 
Поделиться