Сен тұр - мен айтайын!

Балаларымыз шатасып, білген нәрсесінің өзін ұмытып қалып жатыр...

  • Балаларымыз шатасып, білген нәрсесінің өзін ұмытып қалып жатыр...

    Балаларымыз шатасып, білген нәрсесінің өзін ұмытып қалып жатыр...

Көресінді онлайн мектептен көрдік осы)). Бастауыш сыныпта оқитын қызым екеуіміз онлайн мектепте берілген тапсырмаларды бірге орындаймыз. Сонда математика, ағылшын тілі, орыс тілінен ең жоғарғы ұпайды аламыз да қазақ тілі мен әдебиеттік оқудан алпыс балдан аспаймыз). Сосын жолдасым жүреді "журналист басыңмен қазақ тілі мен әдебиетті білмейсің бе?" деп бетіме басып.

Мәселе білмегенде емес, ондағы тапсырмалардың түсініксіздігінде. Қызым да сол үшін менен көмек сұрайды. Құдай-ау, кітаптағы мазмұн мен онлайн мектептегі мазмұн бір-біріне ұқсамайды ғой, екеуі бір-біріне кереғар. Қайсысына сенеріңді білмейсің.

Мысалы, бүгінгі әдебиеттік оқудан "Киіктің айласы" деген Ә. Қоңыратбаевтың шығармасын талдауға беріпті. Кітапта киіктер "суатқа" келді десе, онлайн мектептегі тапсырма бойынша "Сарысу өзеніне келді" дейді. Кітапта "ақсақ теке" деп тұрса, онлайнда "мосқал теке" дейді. Біреуінде теке "белден асып, ғайып болса", екіншісінде "сылти басып кете береді" (сылти басып жүрген текені қасқырлар ұстап, жеп қоймай ма, иә). Осыдан келіп жауабынан шатасып, төмен балл алып жүргеніміз сол. Орыс тілі мен ағылшын тілінің сұрақтары тастай. Баяғы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті ақсап тұр. Білім мин-мен дос болсаңыздар, тегтей салыңыздаршы, түзесін. Балаларымыз шатасып, білген нәрсесінің өзін ұмытып қалып жатыр...
Сосын... қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері қате жазғанда жүрегім ерекше ауырып кетеді ғой

  

Қымбат Тоқтамұрат
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1969    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31