Сен тұр - мен айтайын!

Балам білімді болсын десең, өзің білімді бол, балам еңбекқор болсын десең өзің еңбекқор бол

  • Балам білімді болсын десең, өзің білімді бол, балам еңбекқор болсын десең өзің еңбекқор бол

    Балам білімді болсын десең, өзің білімді бол, балам еңбекқор болсын десең өзің еңбекқор бол

Тука құсап арасында "Мен не істеп жүрм осы?" деп ойланатыным бар. "Неменеге жанталасып жүрмін, не тындырам деп кітап оқып, не бітірем деп ізденуге, дамуға тырысамын, үйде әп-әдемі болып, тамақ жасап беріп отырсам болды емес пе" деп, шаршап кеткенде өзіме өзім ұрсатыным бар. Жоқ! Олай болмайды. Бала-шағаның алдындағы жауапкершілік бар, оларға мына өліара шақта дұрыс тәрбие беру керек. Білім беру керек. Мәселе қандай білім мен қандай тәрбие беру керектігінде.
Біраз уақыт бұрын зерттеушілер шығармашылықта барынша биікке көтерілген адамдарды анықтап, олардың басқалардан айырмашылығын табуға тырысып көрген екен. Сөйьтіп өз саласына үлкен үлес қосқан сәулетші, математик, ғалым, инженер және жазушылардың тізімін жасап, оларды әр аптаның демалыс күндері Берклиге шақырады. Мұнда олар тұлғалық тест тапсырады және түрлі эксперименттерге қатысады.
Бұдан соң зерттеушілер осы тәжірибелерді сол салаларда істейтін, бірақ ешбір жаңашылдығымен көзге түспеген адамдарға жасап көрді.
Сонда шыққан ең қызық және кейінгі зерттеулер де көрсеткен бір қорытынды – ең шығармашыл адамдардың көбі әлеуметпен қалыпты қатынас ұстай білетін интроверттер екен. Олар адамдармен араласа алады, бірақ тым көпшіл және аса белсенді емес. Олар өздерін тәуелсіз индивидуалист деп сипаттайды. Жасөспірім кезінде көбі ұялшақ болған және жалғыз жүруді жақсы көрген.
Бұл мәліметтерге қарап экстраверттерге қарағанда интроверттер креативті деген қорытынды шығаруға болмас, әйтсе де бұл зерттеу бүкіл өмірінде шығармашылық биіктерге жетумен болған адамдардың арасында интроверттер көп кездесетінін дәлелдейді. Неге? Байсалды адамдарда шығармашылыққа нәр беретін әлдебір сөзбен жеткізгісіз қасиет болуы мүмкін бе? Мүмкін екен.
Дегенмен, интроверттердің шығармашылықтағы артықшылығын көрсететін бір тамаша түсіндірме бар. Бұл түсіндірмеден әрқайсымыз сабақ алуымызға болады: интроверттер жалғыз жұмыс істегенді ұнатады, ал жалғыздық жаңашылдықтың катализаторы бола алады. Ықпалды психолог Ганс Айзенк айтпақшы, интроверсия «ақыл-ойды шешілуі тиіс міндеттерге бағыттауға, күш-қуаттың жұмысқа қатысы жоқ әлеуметтік және сексуалдық мәселелерге шашырамауына» мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ, өзгелер үйдің алдында бокал соғыстырып жатқанда, сіз үй артында отырсаңыз, алма сіздің басыңызға түсуі мүмкін (Ньютон әлемдегі ең ұлы интроверттердің бірі болатын. Уильям Уордсворт оны «Ойдың оғаш теңізінде жалғыз жүзген ақыл» деп сипаттаған).
Бізге ата-анамыз "ырбыңдама, жырбыңдама, алға түспе, артта қалма, сүмірейме, жалмаңдама" деп үйрететін. Енді не істейміз сонда десек, осылардың ортасын білсін дегені екен ғой. Әр нәрсе ретімен, әрқайсының шегі болу керек екен.
Сонда біз де баланы тым шектемей, тым бетіне де жібермей, сәл бағыттап қана отырады екенбіз.
Ал одан да дұрысы іспен көрсету керек екен. Балам білімді болсын десең, өзің білімді бол, балам еңбекқор болсын десең өзің еңбекқор бол.
Өзіме келсем, көп ұйықтайтынымды қоя алмай жатырмын, әбден ұят болды.

Бану Даулетбаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1227    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 10:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31