Сен тұр - мен айтайын!

Баланы қоғамнан бөлектеудің соңы жақсылыққа апармайды

  • Баланы қоғамнан бөлектеудің соңы жақсылыққа апармайды

    Баланы қоғамнан бөлектеудің соңы жақсылыққа апармайды

Басқаны білмеймін, Жаңа жыл деген балалардың тағдырына қатты әсер етеді. Әсіресе біздің елде. Қазақстанның білім жүйесінде жыл соңында барлық мектептер жаңа жылдық кеш ұйымдастырады. Оған бүкіл сынып қатысады. Мәселе осы жерден басталады. Жыл бойы бір сыныпта бүкіл қызығын бірге бөлісіп, бірге білім алып жүрген балалар екіге жарылады. Оны олай жасайтын – ата-аналар.

Өткенде желілерде кавказдық бір баланың Аяз атаның алдына келіп «Новый год - харам, Дед Мороз – баран, Снегурочка – дурочка, елка – иголочка» деп айтқан тақпағы тарады. Бәріміз күліп алдық, рас қой. Бірақ бұл күлетін нәрсе емес еді. Сол тақпақты үйреткен ата-ана баласына әдепсіздік, мәдениетсіздік, сүйкімсіздік, қатыгездік, тәкаппарлық, құрметсіздік секілді жағымсыз қасиеттерді қоса үйретіп жатыр. Қазір осылай сөйлеп тұрған бала есейгенде қандай әрекетке баратынын ойлаудың өзі қорқынышты.

Біз былайғы кезде баламыз бұзылып кетті, өйтті, бүйтті деп зар жылаймыз. Бірақ соның солай болуына итермелеген басқа емес, өзіміз. Рас, жаңа жыл біздің діни де, дәстүрлік те мерекеміз емес. Бірақ біз зайырлы ел Қазақстанда тұрамыз. Бізде қоғамда басқа, отбасында басқа тәрбие болмауы керек. Қоғам қабылдап жатыр, ал сенің отбасың қабылдамайды. Ондай жағдайда баланың басы қатады. Психологиясында арпалыс басталады...

Бала үшін өзінің әке-шешесінің айтқанынан асқан заң жоқ. Сөйтіп ата-анасының айтқаны бойынша бейімделеді де, жаңа жылды «харам» деп қабылдағаны секілді келе-келе қоғамдағы барлық жағдайға қарсыласады да отырады. Есейгенде де өзін тура жолдағы, басқаларды кәпір санайды. Өзге адамдарға деген жеккөрініші оянып, ұлғая береді.

Жаңа жылда басқа ата-аналар балаларына сыйлық ұсынғанда, бұл отбасындағы балалар одан бетер қиналады. Жарайды, жаңа жылды тойлама, ешқандай атрибутикасын қабылдама, бірақ баланың көңілі үшін деп осы күні сыйлық сыйлаудың еш әбестігі жоқ. Қайта, баланың бойына жылу барады, мейірімі оянады. Ата-анасын жанынан бетер жақсы көреді.

Баланы қоғамнан бөлектеудің соңы жақсылыққа апармайды. Олай жасау оның бойындағы білімге құштарлығы, өнерге қабылеті, басқа да ерік-жігерін жығып, керісінше жаман қасиеттерді жұқтырады. Сондықтан балаларға тыйым сала бермей, өздері таңдау жасауға мүмкіндік беру керек. «Мен айттым, сен істе» демей баламен сөйлесіп, мынау дін, мынау дәстүр, мынау тарих, мынау тіл деп түсіндіріп, пікірін білу, онымен ақылдасып отыру өте маңызды.

Қазіргі балалар қабілетті, тәрбиелей білсең бәрін түсінеді. Мысалы, өткенде баламнан оңашада «Мектептегі жаңа жылдық кеште қайтетін болдыңдар?» деп сұрадым. «Кәдімгідей киініп барамын, негізі онша қызық емес» деді. «Киімің ше?» деп қайта сұрай бастағанымда, «барлық бала солай барады, өзіміз сөйтіп келістік» деді. Шынында, кейін суреттерін қарасам, бүкіл бала әлем-жәлем болмай, жейде-шалбарларымен-ақ жарасып тұр. Бұрынғыдай, біздің бала кездегідей, әр бала әртүрлі жан-жануардың кейпіне енетін дәстүр жаймен қалып бара жатқан секілді. Олай болуы заңды. Жалпы, уақыты келгенде бұл дәстүр де өзгереді. Дастарқан басында жақсы тілек тілеп, бірге отырып сырласатын отбасылық мереке ретінде қалады.

Отбасыларыңыз аман болсын!
Балаларымыз бақытты болып өссін!

Серікбол Хасан
Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.12.2019, 17:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29