Сен тұр - мен айтайын!

Баланың тілі басқаша шығып, басқа тілде сөйлеп кетуі - олар үшін үлкен қасірет

  • Баланың тілі басқаша шығып, басқа тілде сөйлеп кетуі - олар үшін үлкен қасірет

    Баланың тілі басқаша шығып, басқа тілде сөйлеп кетуі - олар үшін үлкен қасірет

Жапония сияқты болу үшін, жапондар ондай дәрежеге қалай жеткеніне де бір уақ қарап қою керек шығар.. Жапондар баласын 9 жасқа дейін таза жапонша оқытып, баланың фундаментін қалыптастырып алады екен алдымен. Бір жапонның баласы басқа тілде сөйлей бастаса, «қай жерден қателік жібердік, неге бұлай болды?», - деп, бүкіл қоғам болып оған жауап іздеп кетеді екен. Баланың тілі басқаша шығып, басқа тілде сөйлеп кетуі - олар үшін үлкен қасірет. Ұлттық тәрбиеге бесіктегі кезінен бастап қатты мән бергендіктен, қазір осындай мықты мемлекет болып отыр олар. Американың ғалымдары мынандай бір қызық эксперимент жасап көріпті. Бірнеше бүргені жарты литрлік банкінің ішіне салады да, үш күнге қақпағын жауып қойып қояды. Үш күннен кейін ашып қараса, әлгі бүргелер қақпақтан асып секіре алмайтын болып қалыпты. Олар енді өмір бақи сөйтіп жүреді. Өйткені оларды (сынақ кезінде) солай тәрбиеледі ғой. Ұрпағы да солардан көргенін істейді екен. Одан кейінгілері одан да сорақы болатын шығар.... Шоқындылармен жарысып суға түсіп жүрген, жаңа жылды арақ ішіп тойлатып жатқан, Хэллоуинді атап өтіп, «әулие» Валентин күні бір-біріне открытка сыйлап сандалып жүрген, өз дініне өзі қарсы шығып, оны күлкіге айналдырып, қай-қайдағы атеистерді пір тұтып жүрген қазіргі дүбәра қазаққа қараймын да, олардың 50 жылдан кейінгі ұрпағы да осы бүргелердің кейпіне түсіп кетер ме екен деп ойланып қаламын...

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2104    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.11.2021, 00:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31