Сен тұр - мен айтайын!

Баласын құшақтаған күйі "Менің денем тесік, бір мүшем жоқ" - деп ішін көрсете береді...

  • Баласын құшақтаған күйі

    Баласын құшақтаған күйі "Менің денем тесік, бір мүшем жоқ" - деп ішін көрсете береді...

Копид, көп ит, ковит...?!
Карантин деп үйден шықпайған соң айналада не болып жатқанын білмейді екенсің... 
Кеше көрші ауылға барып келдім. Естігенімнен есімді жия алар емеспін... 
Әлкисса, былтыр екі жас бір-бірін сүйіп үйленіп, бақытты өмір сүріп бастапты. Келіннің аяғы ауырлағанына бүкіл әулет қуанады. Тек, кенеттен болған бақытсыз жағдай бұл әулетті күңірентіп, шарасыз күйге түсіріпті...

Аяғы ауыр келіншек есінен танып құлап қалады (екіқабат келіншектердің құлауы жиі кездесетін жағдай). Келіншекті аудан орталығындағы ауруханаға жатқызуға апарады. Ондағылар келіншекті бізде тіркеуі жоқ, қалада тіркелген екен деп қалаға жібереді.
Қаладағы дәрігерлер ешкімнің рұқсатынсыз келіншекке ота жасап, ішіндегі 5 айлық баланы алып тастайды.
Есін жиған келін баласын жоғалтқанын білген соң истерикаға түседі. Оған бір аптадай уақыт ұйықтататын укол салып тыныштандырып ұйықтатып отырған. Сонша уақыт тамақ ішпеген оганизм әлсіресе керек, оған белгісіз тағы ота жасайды...
Соңында келіншек сол отадан өзіне келмей жан тәсілім етеді. Дәрігерлер оны КВ жұқтырған деп, туғандарына көрсетпей темір табытқа салып көміп тастайды.
Шырылдап қалған туғандары мен қайғыдан есін жинай алмай жан жары не істерін білмей дал күй кешуде. КВ деп тапқан соң оны ешқандай жерге шағымдануға болмайды екен, яғни, құқы жоқ екен...
Қазір жігіттің үйіндегілердің барлығының түсіне келіншек баласын құшақтаған күйі қайта-қайта келіп-кетіп жүр екен.
Келін "Менің денем тесік, ішімдегі дүнием түгел емес, менің бір мүшем жоқ, жоқ"- деп ішін көрсете береді екен... 
Егер ол КВ жұқтырса, қайдан жұққан. Біздерді отбасымызды КВ-ге неге тексермейді. Ота жасап алынған бала қайда, оның денесін бізге неге бермейді?- деген сұрақты кімге қоярын түсінбей дал...
Бұл өсек емес...
Мен қорқайын дедім. КВ-тан емес, ауруханаға барып көрінуден... 

Сауле Алипова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 6233    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 14:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30