Сен тұр - мен айтайын!

Бәлкім, ол кісі мейірімді әке болу үшін өмірге келген шығар?..

  • Бәлкім, ол кісі мейірімді әке болу үшін өмірге келген шығар?..

    Бәлкім, ол кісі мейірімді әке болу үшін өмірге келген шығар?..

"Ол күйеуіне жуынды берген, оңбайды бәрібір!" деді, сіңілім. Екеуміз қатар келе жатқанбыз, көшеде.

"Құдай сақтасын, ол кім?" Менің есімнен шығып кеткен екен. Баяғыны есіме түсіріп, біраз нәрсені айтып берді.

"Арақ ішіп, үйден безіп, көше кезіп кетсе мейлі екен. Ол байғұс өзі жуас, өзі жарымжан болды ғой? Келіп-келіп, ең соңында дым қызық көрмей өліп қалды. Ішім күйеді. Сен ол кісіні изолятордан шығарып алғаның есіңде ме, сол кездегі айтқаны есімнен кетпейді" деді, сөзін жалғап.

"Айнұр, әсілінде адамдар өмірге келерде белгілі бір миссиямен келеді-ау, осы?! Адамдардың бәрі бір-біріне ұқсамайтыны секілді, әркімнің атқарар функциясы да әртүрлі, меніңше. Демек, ол кісінің өмірге келудегі рөлі бала боп келіп, сол таза күйінше аттану болған да. Ал, оған қиянат жасаушылардың миссиясы сол надандықтың шеңберінде шығар?!

Бір жерден оқығаным бар "дүниеде ешнәрсе тек кетпейді" дегенді. Оған бола күйінбе" дедім де, өзім ойға батып кеттім. Межелі жерге дейін біраз еді, қалай жеткенім есімде жоқ.

Ол кісі бізге алыстау туыс боп келетін. Жарас аға. Білімге құштарлығы сонша, ес біле бастағаннан кітап жастап жатады екен.

Математикаға, тарихқа жүйрік болғаны үшін кластан класқа аттап, өз қатарластарынан ерте бітірген.

Үлкендер жиналып бір әйелге үйлендіреді. Одан бір қызды болады. Көп ұзамай белгісіз ауруға ұшырайды. Медицина да, дәстүрлі ем де, қазақшылық та көмектеспейді. Жұмсасаң жасайды, отыр десең отырады, тұр десең тұрып, құдды бір баладай боп қалады. Негізі табиғаты біртоға, өмірі ой үстінде жүретін кісі еді.

Байқайтыным, ағаны көп адам жақсы көретін. Бойынан бір ақсүйектік байқалып тұратын. Тозығы жеткен киімнің өзін әп-әдемі қып киіп жүретін.

Ал, әйелі ақымақтау, суайттау, былығы көп, тұрақсыз біреу болып шықты. Шапылдап тұратын. Аға қызын өлердей жақсы көрді, шашын тарап, өріп отыратын. Үнемі сабағына көмектесіп отыратын.

Жарас ағаның жанының тазалығын ойласам жылағым келеді, қазір...

Қашан көрмейін баладай жаутаңдаумен күн кешті. Әйеліне, туыстарына, ауылының адамдарына... Адамдар оны "ілім ұрып жынды боп қалған" десетін. Мені Алла кешірсін, дәл сол кісі өзін сөз етіп отырған көп сауға қарағанда адал еді, зиялы еді, таза еді.

Бірде көше сыпырушы болып жұмысқа тұрыпты. Бір тынбайтын, адамдардың тірлігін жасап беріп, соған азын-аулақ ақы алып жүретін.

Бір күні көше сыпырып жүргенінде не істерін білмей жүрген полицейлер ағаның қолына себепсізден себепсіз кісен сап, қамап қойыпты. Бір қылмыскерді іздеп жатса керек-ті. Оны сосын білдім.

Анам хабарласып: "құтқар ана адамды. Бір апта бойы қамауда екен, не күйі қалды дейсің, сорлының! Тірі жанға қиянаты жоқ сорыңқұрғыр..." деп, кемсеңдеді. Ол кезде аудандық телевидениеде тілшімін.

Қамауда жатқан жеріне барып, милициялардан мән-жайды біліп, "бомждардың" арасында жатқан жерінен шығарып алдым. Тесіктен қарасам, адамдардан бөлектеу жерде бүк түсіп жатыр екен.

Түгі қалмапты, шынымен. Әбіржіп кеткен. Қапастан бермен қарай шығарды. Анодайдан мені көре сап "Әлия, келдің бе? Білгем осыны.Үсті-басым нашар боп кетті, жиіркеніп қаларсың" деп, кібіртіктеп, менен аулақтау жақа қашқақтап жүргені есімде. Ол жынды болса, осылай жасай ма?!

Алматыға кетіп қалғанымды естіп, үйдегілерден "Әлия енді келмей ме?" деп сұрапты, бір келгенінде. Тұратын жері болмаған соң үйдегілер "бізбен тұра беріңіз" десе, қызын қимай кетіп қалады екен. Сіңілімнің мектепті енді бітірген жылы, соның бәрін көзімен көрген соң ұмыта алмай жүргені ғой... Өмірден өтерінде көп қорлық көрді деп естідім.

Ал, әйелі содан кейін де дүниені алшаң басып, біраз жүрді. Бірақ соңғы жылдары "есі ауысып" қалған деп естідім... Қызы тұрмыс құрып, балалы бопты. Шешесімен қатынасты үзген сияқты...

"Папамды қатты сағынам, ол сияқты ешкім мейірім бермеді, маған" деп хат жазыпты, үйдегілерге.

Бәлкім, ол кісі мейірімді әке болу үшін өмірге келген шығар?..


Алия Кудайбергенова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 875    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31