Сен тұр - мен айтайын!

Банкке барсам ақшаң жетпейді дейді, Собезге барсам ақшаң асып кетті дейді...

  • Банкке барсам ақшаң жетпейді дейді, Собезге барсам ақшаң асып кетті дейді...

    Банкке барсам ақшаң жетпейді дейді, Собезге барсам ақшаң асып кетті дейді...

-Қашан үлкен үйге көшеміз?

 

-Бұйыртса  қызым, бұйыртса...

 

-Сонда қашан?

 

-Ақша жинап жатырмыз. Боп қалар...

 

-Мам,  өткенде мен салған суреттерімді сатқан ақшаны да, Аружан ән айтып тапқан ақшасын да банкке бердік қой. Енді қашан үй береді? Неге жетпейді?

 

Бұл үйдегі #данақыз Алинұрдың былтырғы әңгімесі еді. Әлі алған жоқпыз. Тұрғын үй жинақ  банкінде депозитіміз бар. Төрт жыл жинадық.

 

Негізгі тізімдегі және резервтегілер келсін, төлем қабілеттеріңіз есептелінеді деген соң, Екі өкпемізді қолымызға алып, дүйсенбіде банкке тартып едік, тауымыз  шағылғандай қайттық.

 

Қазір біздікі  ең жоғары жалақы,  кредитіміз бар,жолдасым екеуіміз, төрт бала бар, жан басына шаққанда күн көрісімізге жетпей қалды. Қолыңа таза алатын сумманы есептейді екен. Енді 45 мың жалақыларыңызға қооылса алуларыңызға болады деді. 

Қош! Собезге бардым, жәрдемақы төлене ме деп, сүйтсем еңбекақымыз күнкөрімізден асып кетті. Ол жақта пенсионныйыңыз да сізге түскен қаржы ретінде есептелінеді екен.

 

Банктеде осылай есептелінсе ғой, үй алуға мүмкіндік болар еді деп армандадым....

 

Бізді қойшы жәрәйді бір бөлме, аренда болса да тәубә, Аллаға мың шүкір. Еңбекақысы 40-50 мыңнан аспайтын, времянка жағалап жүрген жұрттар қалай үйлі болады? 

 

Күніне баспана мәселесімен 2000 сообщение келеді. Тізімдеп қойдым. Үкімет шынымен көпбалалы аналарға арнап тегін үй берсе ғой, демография тек көтерілмей, сапалы ұрпақ та болар еді....

 

 

 

 

Гүлжан Қызайбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3115    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 11:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30