Сен тұр - мен айтайын!

Бар ойы - табиғи байлықты тонап, байып алу

  • Бар ойы - табиғи байлықты тонап, байып алу

    Бар ойы - табиғи байлықты тонап, байып алу

Хакас жігітінің хаты...


Менің ұлтым хакас. Өкінішке қарай, қазір біздің санымыз республикада 12 пайыздан әрең асады. Хакасия дейтін республикамыз бар. Әйтеуір, әупірімдеп жүріп жатырмыз. Орыс билігінің озбырлығы туралы жазып жатқандарыңыздың бәрі рас. Тіпті, одан да сорақы десем болады. Мысалы, Хакасияның үкіметінде бірде-бір хакас жоқ. Бәрі сырттан келгендер. Оларды «қайдағы бір аборигендердің» проблемасы қызықтырмайтыны анық. Бар ойы - табиғи байлықты тонап, байып алу, болды. Осы жақында алтын өндірушілер Белый Июс (Ақ Ис) дейтін көлімізді улап тастады. Жерлік халықтың бұл жердегі ең үлкен проблемасы – жеке меншік көмір компаниялары. Олар қазір хакастар тұрып жатқан Қойбал даласын асты-үстіне шығарып құртып жатыр. Біз азбыз. Бұл жер біздің тамырымыз, өсіп-өнген ортамыз. Оларды жойып жатыр, біз де жұтылып барамыз. Әрине, қолдан келгенше күресіп бағып жатырмыз. Билік те, сот та, прокурор да сырттан келгендер. Олар бізді қорғаудың орнына сырттан келген тура сондай компаниялармен ауыз жаласып кетіп жатқанда, не істей аламыз? Дәл осы компаниялар Кузбаста тағы бір түрік халқы - шор халқының ауылын құртып жіберді. Жазатын нәрсе көп. Қайсыбірін жазайын?! Бірақ қазір бізді алаңдатып отырған ең басты мәселе – осы көмір компаниялары. Әрине, сіз басқа елдің азаматысыз. Біздің проблемамызды шешіп бере алмассыз. Бірақ оны жазып, жанайқайымызды бүкіл әлемге жеткізе аласыз. Сіздер сияқты туыстарымыз болмаса, бізді мына жақта тыңдайын деп тұрған жоқ...

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4181    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30