Бәрі түбірімен құлап түсетіндей қан аңсап отырсыңдар ма?
Осында көбінесе ұлтқа жанашыр жақсы ой айтып, мәселе көтеретін бір ағамыз болсын-болмасын "Самұрық-Қазына" қорына тиісіп жатыр. Бопса ма, тапсырыс па, бір Құдай білсін. Өзім осы Қорға қарасты Орталықта істеймін. Жасыратыны жоқ, жалақы сонша маңдайды шылқытатындай емес, қазір ел аралап жүрмін. Бірақ осы Қор құрамындағы көп компанияларда істейтін басқа да әріптестерім сияқты барға шүкір деймін.
Бір ғана Қорға қарасты ҚТЖ-ның құрамында қаншама адам күнін көріп отырған станциялар бар емес пе? Әлде Қазмұнайгаздың батыста сансыз компаниялары барын ешкім білмейді ме? Рас жемқорлық та, басқасы да бар шығар, бірақ тұтас облыстар осы компанияларға қарап отырған жоқ па??? Не керек сонда? Бәрі түбірімен құлап түсетіндей қан аңсап отырсыңдар ма? Ағайын сәл қою керек қой! Міндетті түрде, қазбалап келгенде, туысқан-жақындарыңыз осы компаниялардың бірінің құрамында істейді!
Алдаберген Кемпірбаев
Фейсбуктегі парақшасынан